«Алтын тұғыр». Биылғы үздіктер кім? (ФОТО)

2242

Астанада Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» сыйлығы табысталды.

Он жылдық мерейтойы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

Жиынға Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақғынан спорт федерацияларының басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері келді.

Салтанатты рәсім алдында іс-шараның негізгі қатысушылары – спортшылар, жаттықтырушылар, федерация президенттері мен өнер қайраткерлері көк түсті кілеммен жүріп өтті, оларды жанкүйерлер, фотографтар және марапат иелері қарсы алды.

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында өткен марапаттау рәсімін ұйымдастырушы – Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтарға садақ ату, асық ату және тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтары ұсынылып, қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін сынға салды. Көпшілікке тәтті тағамдармен бірге, бауырсақтар да ұсынылды. Қонақтарды, әсіресе қымыздан жасалған субұрқақ таң қалдырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөзін Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов оқыды.

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов жүлде иегерлерін құттықтап, ел тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті.

2024 жылы біз барша қазақстандықтарды салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметпен бірге ұлттық спорт түрлерімен белсенді айналысуға шақырамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спорттың жүйелі дамуын қолдайды. Президент бастамасымен келесі жылы Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осындай шаралардың арқасында елімізде ұлттық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді. Біздің қауымдастық өз тарапымыздан ұлттық спорт түрлерін дамытып, кеңінен насихаттауды жалғастыра береді, — деді Исламбек Салжанов.

Сонымен биылғы «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлеріне келейік:

«Тоғызқұмалақ» номинациясы бойынша – Жанат Каймульдин;

«Бәйге» номинациясы бойынша – Бекзат Ділдахан мен Еділ Таймерденов;

«Құсбегі» номинациясы бойынша – Арманбек Күнтуған;

«Көкпар» номинациясы бойынша – «Әулие ата» командасы;

«Аударыспақ» номинациясы бойынша – Сайлау Мұхаметжанов;

«Жамбы ату» номинациясы бойынша – Бексауыт Батыр;

«Теңге ілу» номинациясы бойынша – Бекнұр Серіков;

«Дәстүрлі садақ ату» номинациясы бойынша – Аяулым Аппазова;

«Асық ату» номинациясы бойынша – Павлодар облыстық құрамасы;

«JORYQ» номинациясы бойынша – Жетісу облысы командасы;

Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушылар да марапаттан құр қалмады:

«Тоғызқұмалақ» бойынша Аға жаттықтырушы – Арыстан Қапаев;

«Бәйге» жаттықтырушысы – Мұрат Досбергенов;

«Құсбегі» бойынша Аға жаттықтырушы – Жомарт Кеуенов. 

«Көкпар» бойынша Аға жаттықтырушы – Есжан Құрманбай;

«Аударыспақ» бойынша Бас жаттықтырушы – Жанбатыр Бекмұсаев;

«Жамбы ату» бойынша Аға жаттықтырушы – Ербұлан Бекбосынов;

«Теңге ілу» бойынша Аға жаттықтырушы – Ақтілек Сәрсенов;

«Дәстүрлі садақ ату» бойынша Бас жаттықтырушы – Диас Ахметов;

«Асық ату» бойынша бас тренер – Қуан Қалибек.

Сонымен қатар, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай ұлттық спорт түрлерін дамытуға ақпараттық қолдау көрсетіп, «Мергендер мекені» тележобасын жүзеге асырғаны үшін «Алтын тұғыр» сыйлығының лауреаты атанды.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді, оның ішінде «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Құсбегі», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Дәстүрлі садақ ату», «Асық ату» және «JORYQ ат спорты» федерациялары бар.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.