Отандық өндіріс қызметкерлері неге алаңдаулы?

182

Қазақстандық жұмысшылар өздерінің еңбек ету құқықтарын дәлелдеуге мәжбүр болғанына наразы.

«Халықтың әлеуеті үшін! Өнеркәсіпті дамыту үшін!» петициясы қарқынды жалғасып жатыр. Құжатта экономиканың мұнай мен ресурстарға тәуелділігін азайту үшін елде жаңа кәсіпорындарды көбірек ашу керектігі айтылған.

Жаңа зауыттар мен фабрикалардың ашылуы біздің азаматтарды мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, қазақстандықтарға отандық азық-түлік өнімдерін, үйлерді, автокөліктерді, дәрі-дәрмекті сатып алуға мүмкіндік береді және ішкі нарықты отандық тауармен қамтамасыз етеді, — делінген петицияда.

«Қазрост» ЖШС және «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ қызметкерлері «Халықтың әлеуеті үшін! Өнеркәсіпті дамыту үшін!» петициясына үн қосты.

Біз көшеде қалғымыз келмейді, біздің мақсатымыз – зауытпен бірге өсіп, оның қалыптасуының бастауында болу. Қазақстан гүлденген елге айнала алады деп есептейміз, бірақ бұл үшін өндіріс қажет. Сондықтан біз бұл салалардың жабылуына қарсымыз. Барлық елдерде адамдар даму мен жұмыс орындарын құруды жақтайды, неге Қазақстанда жұмысшылар жұмыс істеуге құқығы бар екенін дәлелдеуі керек?, — дейді «Қазрост» ЖШС жұмысшылары.

Өз кезегінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ өндіріс қызметкерлері де Қазақстан халқына видео үндеу жолдады.

Біз өз кәсіпорнымызды және бүкіл қазақстандық автоөнеркәсіпті тәуекелге салуға қарсымыз. Біз көшеде қалғымыз келмейді, — дейді жұмысшылар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық бизнесті қорғау және қолдау мақсатында бес ірі кәсіпорынның еңбек ұжымдары арнайы үндеу жасаған болатын. Олардың қатарында «СемАЗ» зауытының жұмысшылары, «Имсталькон» АҚ, BI Group (MODEX зауыты) қызметкерлері, «Қазақмыс» компаниясының жұмыс топтары (KLMZ) компаниялары және «QazTehna» ЖШС бар.

Отандық өндірісті қолдау мемлекеттің ғана мойнында емес. Еліміздің әрбір азаматы отандық өнімді тұтынып, отандық өндірістің дамуына өз мүмкіндігінше қолдау көрсеткенде ғана – бұл сала дамиды. Сонда ғана біз басқаларға жәутаңдамайтын боламыз. Сол себепті, отандық өндіріс қызметкерлерінің жанайқайы Қазақстанның әрбір азаматын бейжай қалтырмаса керек.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.