Утиль-алым. Отандық өндіріс қымбат па, шетелдік ескі көлік қымбат па?

150

Кеше Семейде жұмысшылар ереуілге шықты. Әңгіме тағы да сол утиль-алым мәселесі.

Утильсборды алып тастау туралы бірнеше жылдан бері мәселе көтеріліп келеді. Қоғам белсенділері, заңгерлер бұған жан-жақты қарау керек деген пікір айтады.

Мысалы белгілі адвокат Ләззат Ахатова бұған қатысты пікірінде бұл мәселенің екінші жағын да қарастыру керегін айтады.

Өзекті мәселе ретінде қозғалып, біраз адам алып тасталсын деп, әжептеуір шулады, петиция жазды. Енді таяқтың екі ұшы бар дегендей, бұл мәселенің екінші жағы да бар екен. Осы тақырыпта автомобиль өнеркәсібіне маманданған «СемАЗ» зауытының жұмысшылары Қазақстан үкіметіне бейнеүндеу жолдапты. Олар елдегі отандық өндірісті қорғауға және дамытуға шақырады. Олардың айтуынша керісінше утильсборды мүлде алып тастау – зауыт жұмысшыларын жұмыстан айырады, бұл оларды басқа табыс көзін іздеуге немесе шетелге жұмысқа кетуге мәжбүрлейді екен – деп жазды ол өз парақшасында.

Утильсборды жоюды ұсынып жатқандар қарапайым халықты емес, белгілі бір топтың, сатып алу-сатумен айналысатын “саудагерлердің” мүддесін ойлап отыр депті үндеушілер.

Бүгінде халық атынан сол топтың өкілдері белсене кірісіп жүр. Утиль-алымын алып тастауға деген үндеулер халыққа емес, шектеулі топқа қажет. Бұл талапты қоюшылар утиль-алымды алып тастағанда, оның орнына барлығына тиімді болатын ұсыныс та айтпайды, тек адамдарға жаңсақ, қате пікірді тықпалап отыр. Біз, зауыттағы отандық өнімді өндірушілер, сонда қайтадан таксист, базарларда сатушы болуға немесе басқа елге вахтаға кетуіміз керек пе?” – дейді үндеу жолдағандар.

Бұған заңгер өз пайымын айтады.

Ойланып қалады екенсің. “Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі” деген осы. Сіз не ойлайсыз, ағайын? Маған зауыт жұмыскерлерінің уәжі көңілге қонымды секілді көрініп тұр. Отандық өнімді дамытуға атсалысқан дұрыс қой, не болса да – дейді Ләззат Ахатова.

Ал экономист, қоғам белсендісі Сәбит Рысбай «негізі утиль алымның түпкі мақсаты отандық автопромды қолдау, отандық автопромды жаңарту болған» — дейді.

2022-нің қаңтар айында утиль-алымды 50%-ға түсірді. Бірақ көлік арзандамады. Себебі көліктің бағасына әсер ететін басқа да факторлар бар. Кедендік рәсімдеуден басталады. Көліктің арзандағаны Қытайдың арқасы. Қытай бағамен бәрін түсіріп тастады. Корея да, Жапония да Қытаймен жарысып бағаны арзандатуға мәжбүр болды. Әйтпесе біздегі салық арзандамады – дейді Сәбит Рысбаев.

Экономиканың өзі цепь сияқты. Барлық нәрсе бір біріне тікелей байланыста.

Өткенде көлік шығаратын заводтың жұмысшылары үндеу жасаған еді. Бүгін Қазақмыстың жұмысшылары үндеу жасапты. Отандық автопром тоқтаса біздің отандық шикізат өндіруге де зияны тиеді депті. Шыны керек Оңтүстік Корея да басында біз сияқты көлікті құрастырудан бастаған. Кейіннен Kia, Hyundai-лар шықты. Түркияда да, Өзбекстанда да негізінен өздерінен шығатын көлікті мінеді. Бізге отандық автопром керек. Құрастырма емес, локализацияны көбейту керек. Көліктің ішіндегі құрал сайманға отандық өнімді көп қолдану керек. Ол жағын басқаша ойлау керек шығар. Білмедім енді. Таяқтың екі ұшы бар ғой. Утиль-алым тоқтасын дейтіндер оған балама ретінде ештеңе айтпай жатыр. Утиль-алым тоқтасын, бірақ көлікті не істейміз? Грузия арқылы сатып алып отыра берейік пе? Мына жұмысшылардың да ашу ызаларын тыңдау керек сияқты. Әркімнің өз шындығы бар – дейді экономист.

Қалай дегенмен де, егер утиль-алымды тоқтатар болса, оған балама отандық автоөндірісін қолдауға, оған ынта берер бір бағыт болуы керек қой. «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» майдан қылшық суырғандай бір жолын таппасақ, көлік сатып алғандарға да, көлік құрастырып жатқан отандық өндірістегі жұмысшыларға да оңай болмайтын сыңайлы.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.