Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті ауысты

1167

Қазақстан республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті-атқарушы хатшысы ауысты.
Бұған дейін бұл қызметті Ринат Кертаев атқарып келген болатын. Енді бұл жұмысты белгілі журналист, «Joryq» ат спорты федерациясының басшысы Бақытжан Тұрлыбеков атқарады.

Бұл туралы Бақытжан Тұрлыбеков өз парақшасында жазды.

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесі, яғни кеше ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының Вице-президенті — Атқарушы директоры қызметіне тағайындалдым. Ұлттық спорт саласындағы 10 федерацияның
(Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Садақ ату, Құсбегілік, Тоғызқұмалақ, Асық ату, «JORYQ» ат спорты) басын біріктіретін Қауымдастыққа тапсырма беріп, қадағалау үшін емес, қарайған жұмысты күн-түн демей ҚР Туризм және спорт министрлігімен және құзырлы мекемелерімен бірлесе отырып үйлестіру үшін келдім — деп жазды ол өз парақшасында.

Сондай-ақ ол, «тарихи әділетсіздіктің қойнауында хақысы кеткен тұлпарларымызды қалпына келтіруге, олардың әлеуетін әлемдік деңгейде қайта паш етуге бағытталған “Ұлы дала жорығы” марафон-бәйгесін жүзеге асыру жолы аталмыш Қауымдастыққа алып келді» — дейді.

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов алдымызға нақты мақсат пен міндттер қойып отыр. Енді Ұлттық спортымызды қауіпсіз ете отырып ұлықтауға, атсүйер қауым мен шабандоздарымыздың ұсыныстарын ескере отырып, қолтума жылқыларымыздың екінші тынысын ашуға басымдық береміз деген ниеттеміз. Сонымен қатар, Ұлттық спортымызға жастарды кеңінен тарту мақсатында жүйелі жұмыстың тізгінін қолымызға алатын боламыз — дейді Бақытжан Тұрлыбеков.

Ол «ұлтты ұйыстыратын Ұлттық спортымызды бұқаралық спортқа айналдыру жолында ақыл-кеңестеріңіз, ұсыныстарыңыз болса талқылауға дайын» екенін айтты.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.