ДКО-ға дайындық. Аударыспақ алыптары

827

Аударыспақтан ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығу жиындары басталды. Ұлттық құрама Алматы облысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын аударыспақтан ұлттық құрама сапында 12 спортшы бар.

Аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанбатыр Бекмұрсаев Көшпенділер ойындарында команда жеңіске жету үшін аянып қалмайтынын жеткізді.

Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында осымен екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Спортшылар жоспар бойынша жаттығуда. Ойындарға дейін сақадай сай дайын болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз – намысқа тырысып, ойдағыдай өнер көрсету. Себебі Қазақстан – көшпенділер ойындарын өткізетін ел. Сондықтан, жеңіске жету үшін барымызды саламыз, – деді Жанбатыр Бекмұсаев.

Аударыспақ – екі салт аттының күресі, ұлттық спорт түрі. Жарыстар арнайы жабдықталған диаметрі 15 метрлік шеңбер тәріздес алаңда өтеді.

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында Аударыспақ жарысы этноауыл аумағында 9-10 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.