Мүшелге толған қор

139

23 тамыз «Түркі Мәдениеті мен мұрасы» қорының құрылғанына 12 жыл толды.

2012 жылы 23 тамызда Бішкекте өткен Түркі кеңесінің Саммитінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттері Басшыларының шешімімен Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында «Түркі Мәдениеті мен мұрасы» қоры құрылды.

Түркі халықтарының дүниетанымында 12-жылдық циклдан құралған “мүшел жас” ұғымы – жаңарудың белгісі. Осы ұғым бойынша, қор бауырлас түркі ұйымдары, солардың ішінде Түркі Мемлекеттерінің Ұйымы (ТМҰ), ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Түркі елдері Парламенттік Ассамблеясы, Түркі Инвестициялық қорымен бірлесе отырып, 12 жыл ішінде бірталай жетістіктерге жетті, түркі халықтарының бай мәдениеті мен мұрасын зерттеу және ілгерілету бағытында көптеген бірегей жобаны жүзеге асырды. Түркі әлемі мемлекеттері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтты. Бұл маңызды ісімізді жалғастыра отырып, келешекте де Түркі дүниесінің материалды және рухани құндылықтарын қолдау мен насихаттау жолында мүмкіндігімізді барынша кеңейтуге тырысамыз. Осы жолда ынтымақтастықта көптеген жетістікке жететіндігімізге сеніміміз мол. Серіктестерімізге баға жетпес қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!– дейді қор қызметкерлері.

Түркі дүниесінің құндылықтары мәңгілік жаңғыра берсін!

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.