ДКО. Көкпар: Мажарстан-Түркия (0:1)

454

В тобының соңғы жұбы — Мажарстан мен Түркия құрамалары. Еуропаның қос командасы бірін-бірі ала алмай, көп ырғасты. Түрік жігіттері барынша әрекет жасап бақса да, мадиярлар қорғаныстың тамаша үлгісін көрсетті.

Салым салғандарды таныстырмас бұрын, екі команданың құрамын бір шолып шығайық.

Мажарстан құрамасы: 

1. Csorba Kazmér Márk

2. Gelencsér Boldizsár

3. Höltzl Márton Bendegúz

4. Kiss Gergely

5. Kósa Zoltán

6. Magyar Koppány

7. Magyar Zsombor

8. Őri Balázs

9. Takács Kolos Péter

10. Vajda Viktor

11. Zatykó Levente Ferenc

12. Bertalan Marton

Команда жетекшісі: Dr. Bensze

Түркия құрамасы: 

1. Mustafa Timur

2. Doğaner Hüseyin

3. Başaran Kadir

4. Özoğlu Lütfullah

5. Asyali Taha Yasin

6. Tuncer Çağdaş

7. Başaran Çağlar

8. Kutlu Orhun

9. Tufan Şemsettin

10. Demirkol İsa

11. Adigüzel Ramazan

12. Levent Mehmet Akif

Команда жетекшісі: Varol Ahmen

Команданың бас жаттықтырушысы: Zhumaliyev Ruslan

Екі команда арасындағы тартыстың ерекше болғаны сонша, ойынның алғашқы бөлімінде есеп ашылмады. Екінші айналымда Түркия жігіттері есеп ашты. 7-нөмірдегі Başaran Çağlar алғашқы салымды салды. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш ойын соңына дейін өзгерген жоқ.

Осылай V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Көкпар додасының алғашқы күні аяқталды.

Ертең алғашқы ойын сағат 10:00-де Қазақстан құрамасы мен АҚШ көкпаршылары арасында өтеді.

Ал қазір санаулы сәттен соң көкбөрі бойынша алғашқы жұп алаңға шығады.

Қазандыққа серке тастайтын сайыстың А тобын Қазақстан құрамасы мен АҚШ құрамасы бастайды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!