«Ботай. Ғайып ғалам». Жылқы тарихына арналған фильм шығады

Жылқыны алғаш рет қолға үйреткен біздің ата-бабаларымыз. Осы тарихи фактіні дәлелдейтін және зерделейтін фильмнің өндірісі биыл аяқталмақ. Жаңа 24 киножобаның қатарындағы бұл туындының атауы – «Ботай. Ғайып ғалам».
Бұл – шынайы оқиғаларға негізделген шытырман боевик, жарқын эпизодтарға, әсерлі сәттерге және тарихи сырларға толы жоба. Картинaда шамамен 6 мың жыл бұрынғы Ботай мәдениеті зерттеледі әрі дәл Қазақстан аумағында адамзат тарихының ең маңызды жетістіктерінің бірі – жылқыны қолға үйретудің алғашқы іздері көрініс табады.
Осындай тарихи фактілерді біз қоғамға жеткізуіміз маңызды деп есептеймін. Жуырда жобаның шығармашылық тобымен кездестім. Алдағы жоспарларымен танысып, өндіріс барысын талқыладық. Көрерменді таңғалдыратын әсерлі нәтиже шығатыны сөзсіз. – деп жазады «Ұлттық киноны қолдау» орталығының директоры Құрманбек Жұмағали.
Естеріңізде болса, бұған дейін екі бөлімнен тұратын «Equs. Жылқы тарихы» деректі фильмі жарыққа шыққан болатын.
Argymaq.kz




