Халықаралық турнир. Қазақcтан жеңімпаз

472

Наурыздың 27-29 аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында улоқ-купкари (көкпардан) халықаралық турнир өтті.

Бесінші рет өткен байрақты бәсекеге жалпы жиыны 6-команда қатысты. Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей және Өзбекстаннан екі команда өзара мықтыны анықтады.

Топтық кезеңде Қазақстан Өзбекстанның бірінші командасымен кездесіп, 11-2 есебімен басым түсті. Екіншісі ойында Қытайдан келген көкпаршыларды 11-1 есебімен ойсырата жеңді.

Қырғызстан командасы да өз тобында екі ойын өткізді. Өзбекстанның екінші командасы және Ресей командасын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Финалда қос мықтының тартысын күткендер көп болды. Ерекше дайындықпен келген екі команда көкпардың көркін кіргізді. Бір апта бұрын Түркістанда өткен Әлем чемпионатына келмеген қырғыздар халықаралық турнирде қазақ жігіттеріне қарсы тұра алмады.

Бірінші таймда біздің жігіттер есеп ашып, алдыға шықты. Екінші таймда да қазақ көкпаршылары құрама жаттықтырушысы Нұрдәулет Момынов құрған әдіс-тәсілдің арқасында екі салым салды.

Жалпы есеп – 3:0.

Халықаралық турнир қорытындысы бойынша Қазақстан бірінші, Қырғызстан екінші, Өзбекстанның бірінші командасы үшінші орын алды.

Бұл жерде ескерте кететін бір жайт, ала шапанды ағайынның улоқ-купкариның ережесі біздің көкпарға сай келеді. Тек тайм уақыты бізде 20 минут болса, өзбек көкпарында 15 минут.

Қазақстан командасы арнайы диплом, кубок және 100 000 000 сумға (4 млн теңге) ие болды.

Халықаралық турнир қорытындысы бойынша барлығы 7 салым салған еліміз көкпаршы Ерғалым Жақсылық үздік ойыншы атанды.

Ұйымдастырушылар ендігі жылы дәл осы турнирдің ауқымын кеңейтуге ниетті. Яғни келер жылы улоқ-купкаридан Азия кубогы өтуі мүмкін.

Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbetjojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibomjojobetholiganbetholiganbetmarsbahismarsbahisPusulabetjojobetescort damesjojobetjojobet girişhuhubetMarsbahis GirişsekabetjojobetCasibomcasibom girişbetgarantijojobetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobetMarsbahis