Аударыспақтан III Азия чемпионатының бар алтыны Қазақстанға бұйырды
Бүгін Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында Аударыспақтан III Азия чемпионаты өтті. Бес салмақ бойынша сынға түсетін 9 ел спортшыларының сайысы аса тартысты өткені анық. Ал бір байқағанымыз әзірге Аударыспақтан Қазақстан палуандарына тең келетін ешкім жоқ.
Астананың 20 жылдығына арналған байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Есімхан Рахмәтілла, Сырым Ізбасаров, Біржан Қосалиев секілді азаматтар қорғады.
Аса ауыр салмақтағы Біржан Қосалиев — екі дүркін Азия чемпионы (2014, 2016 ). 2017 жылы Астанада өткен халықаралық турнирдің аса ауыр салмақтағы және абсолютті сайыстағы жеңімпазы.
Сырым Ізбасаров — ауыр салмақта екі дүркін Азия чемпионы (2014, 2016). Азияның 2016 жылғы абсолютті жеңімпазы.
Азамат Серғазин, Шыңғысхан Ержанов, Есімхан Рахмәтілла — талай жарыста топ жарған мықты спортшылар.
Ұлттық құраманың жетекшілері — Қуанышбек Құрамаев пен Жанбатыр Бекмұсаев.
Сонымен Өзбекстаннан Зафар Жабборов (60 келі), Шохрух Хуррамов (70 келі), Дилшод Каххоров (80 келі), Журабек Отабаев (90 келі) және аса ауыр салмақтағы Ихтяер Толипов (90+);
РФ Алтай өлкесінен Ерсін Жүйебаев (60 келі), Лұқпан Оқашев (70 келі), Уәлихан Иманғазинов (80 келі), Махаббат Жүйебаев (90 келі) және 90+-тегі Ерзат Самашев;
Ауғанстаннан Сарбар Сафари (60 келі), Мохаммад Исхад (70 келі), Мохаммад Махбообулхад (80 келі), Расули Обайдулла (90 келі) және ауыр салмақтағы Саифи Алишер (90+);
Қытайдан Нұрболат Тәліпбай (60 келі), Серікбай Нұрмұхамбет (70 келі), Ермек Тоқтарбай (80 келі), Думан Жұмабайұлы (90 келі және 90+);
Қырғызстаннан Ақыл Сағанбеков (60 келі), Азирет Бакболотуулу (70 келі), Амантур Минуруулу (80 келі), Марат Алтымышев (90 келі) және Нуркан Мамбеталиев 90-нан жоғары;
Тәжікстаннан Талабшо Рачабов (60 келі), Бобораджаб Мусоев (70 келі), Умарали Олимов (80 келі), Фарход Холов (90 келі) және Рузикул Караев (90+);
Түркиядан Кара Селчук (60 келі), Али Ышык (70 келі), Мустафа Кара (80 келі), Мурат Каплан (90 келі), Яхия Арслан (90+);
Моңғолиядан Базарбай Матей (60 келі), Жанарбек Серік (70 келі), Жеңісбек Серік (80 келі), Досжан Байысғалан (90 келі) және аса ауыр салмақта Бағлан Ыдырыш (90+) өнер көрсетті.
Азияда үшінші рет байрағын көтерген бәсекеде:
60 келі бойынша:
Үшінші орын — Ақыл Сағанбеков, 250 мың теңге (Қырғызстан)
Екінші орын — Базарбай Матей 500 мың теңге (Моңғолия)
Бірінші орын — Азамат Серғазин 1 млн теңге (Қазақстан)
70 келі бойынша:
Үшінші орын — Азирет Бакболотуулу, 250 мың теңге (Қырғызстан)
Екінші орын — Мохаммад Исхад 500 мың теңге (Ауғанстан)
Бірінші орын — Шыңғысхан Ержанов 1 млн теңге (Қазақстан)
80 келі бойынша:
Үшінші орын — Жеңісбек Серік, 250 мың теңге (Моңғолия)
Екінші орын — Амантур Минуруулу 500 мың теңге (Қырғызстан)
Бірінші орын — Есімхан Рахмәтілла 1 млн теңге (Қазақстан)
90 келі бойынша:
Үшінші орын — Думан Жұмабайұлы, 250 мың теңге (ҚХР)
Екінші орын — Журабек Отабаев 500 мың теңге (Өзбекстан)
Бірінші орын — Сырым Ізбасаров 1 млн теңге (Қазақстан)
90+ немесе абсалюттік чемпион:
Арман Сағымбаев (Қазақстан) жеңіске жетті.
Осымен үшінші рет өткен доданы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Бас демеуші «Самұрық-қазына» Әл-ауқат қоры.
Естеріңізде болса, бұған дейін Аударыспақтан III және Теңге ілуден II Азия чемпионаты өтетіні туралы хабарлағанбыз. Кеше Теңге ілуден сайыс өтсе, бүгін аударыспақтан білекті жігіттердің бәсекесі өз мәресіне жетті. Екі сайыс та Астананың 20 жылдығына арналған.
[…] аударыспақтан жүлдегерлерді мына жерден оқысаңыздар […]