Республикалық жасөспірімдер чемпионаты мәресіне жетті

7413

Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерей тойымен орайлас Көкшетау қаласында жалауын көтерген чемпионат мәресіне жетті. Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылы туған жасөспірімдер ұлттық спорттың көкпар, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату түрлері бойынша сайысқа түсті.
Бұл жарыс осымен төртінші дүркін өткізіліп отыр. Биылғы чемпионаттың ерекшелегі жамбы ату спорт түрі алғаш рет енгізілуінде. Барлығы 7 команда (Ақмола об. Жамбыл об. ОҚО, БҚО, ШҚО, СҚО, Ақтөбе об.) қатысқан жарысты спорттық түрлер бойынша таратып айтар болсақ:

Kokpar KoksheКөкпар ойыны

Жарыстың беташары көкпармен басталды. Ұйымдастырушылар 7 көкпар командасын екі топқа бөлді.

1-топ: ОҚО, Ақтөбе об., БҚО, Жамбыл об.
2-топ: ШҚО, Ақмола, СҚО.

Жарыстың алғашқы (17-тамыз) күні ШҚО-ның «Тарбағатай» командасын Ақмола облысының «Оқжетпес» командасы 3:4 есебімен ұтып кетті. Бұл жерде айта кетерлік дүние шығысқазақстандық көкпаршылар өткен жылы күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Бірақ биылғы жылы дайындығы кемшін болды ма, «ә» дегенде жеңілістің дәмін татты. Екінші болып алаңғы шыққан ОҚО көкпаршылары қарсыласы ақтөбеліктерді 4:0 есебімен оңай еңсерді. Ал, Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпаршылары БҚО-ның жасөспірімдерін 7:0 есебімен жерге қаратты.
Жарыстың екінші (18-тамыз) күні көкпар ойыны жалғасын тапты. Алғашқы болып алаңға шыққан ОҚО-ның «Құлагер» командасы батысқазақстандықтарды тағы да 7:0 есебімен жеңсе, екінші ойын Ақтөбе – Әулиеата командаларының арасында өтіп, жеңіс жамбылдықтардың қанжығасына байланды. Есеп 1:9. Соңы болып сайысқан ШҚО және СҚО-ның көкпаршылары 2:1 есебімен жарысты аяқтады.
Жарыстың үшінші күні (19-тамыз) ақтөбеліктер өз қарсыласы батысқазақстандықтарды 1:0 есебімен әрең еңсерді. Бұл ойын өзінің тым сүреңсіздігімен есте қалды. Екінші болып көкпар көрігін қыздырған екі «алып» ОҚО көкпаршылары мен Жамбылдың жігіттері аянбай айқасты. Нәтижесінде есеп 3:5. Жеңіске жамбылдықтар ие болды. Ақырғы екі команда: Ақмола мен СҚО жаймашуақ ойын өткізді. Есеп 1:0.
Жарыстың төртінші (20-тамыз) күні топтан үздік шыққан командалар сайысы басталды. ШҚО – Ақтөбе (4:1), ОҚО – СҚО (7:0), Жамбыл – Ақмола (11:0). Соңғы ойында жамбылдық сайыпқыран Тұрғанбек Құрманбек (аты – Аю) және Самат Көпбосыновтар (аты – Аққоян) әрқайсысы төрттен салым алып шеберліктерін паш етті. Сонымен:

1-орын: Жамбыл командасы (жетекшісі Ү. Күшікбаев).
2-орын: Ақмола командасы (жетекшісі Е.Тоқабаев).
3-орын: ОҚО командасы (жетекшісі Б.Шырынқұлов).
4-орын: СҚО командасы (жетекшісі Р.Махатов).
5-орын: ШҚО командасы (жетекшісі Т.Базарханов).
6-орын: Ақтөбе командасы (жетекшісі Н.Додай).
7-орын: БҚО командасы (жетекшісі Д.Мырзағалиев).

AudaryspakАударыспақ сайысы

Аударыспақ сайысы бес салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жарысты жүргізген жоғары дәрежелі төреші ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Елемес Жылқыбаев ойдағыдай өткізді. Жарыс қортындысы төмендегідей:

40 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын: Жасұлан Мағжанов (Ақмола облысы);
2-орын: Елденнұр Таңат (ОҚО);
3-орын: Иранғайып Асланов (Ақтөбе облысы).
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын: Еламан Пернебек (ОҚО);
2-орын: Мадияр Сапанов (ШҚО);
3-орын: Айболат Бердімұратов (Ақтөбе облысы).
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын: Бекзат Далай (ОҚО);
2-орын: Нармағамбет Иманғазыұлы (БҚО);
3-орын: Еламан Мұхамедқалиев (Ақтөбе облысы).
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын: Бердіғали Жәкішев (Ақтөбе облысы);
2-орын: Елдар Жарылғап (ОҚО);
3-орын: Мағжан Жеңісов (БҚО).
70 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша:
1-орын: Ернар Жарылғасын (Жамбыл облысы);
2-орын: Әлихан Шпекбаев (Ақмола облысы);
3-орын: Жасәділ Ембергенов (Ақтөбе облысы).

Теңге ілу және Жамбы ату сайысы

Теңге ілу сайысына барлық команда өкілдері қатысты. Жарысты ұйымдастырған ұлттық дәрежедегі төреші Жұмабек Мейрамғалиев (теңге ілу) пен Алдияр Нұрғазиевтер (жамбы ату) ойдағыдай өткізді. Нәтиже төмендегідей:

tenge iluТеңге ілу

1-орын: Ғалымжан Изжанов (ОҚО);
2-орын: Нұрбол Бақытжанов (БҚО);
3-орын: Мұхамед Жайлауов (Ақмола облысы).

zhamby atuЖамбы ату

1-орын: Айтбек Сарыбай (ОҚО);
2-орын: Дархан Ибадулаев (Ақмола облысы);
3-орын: Нұрболат Сарыбаев (Жамбыл облысы).

20-тамыз күні жарысты қортындылаған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов мырза жоғардағы жарысты ұйымдастырған Көкшетау облысының спорт және денешынықтыру басқармасына, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері бойынша ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Рамазан Сәттібай мен ҚР-ның Бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев мырзаларға алғыс білдіре келіп, жеңіске жеткен жасөспірім спортшыларға Қауымдастық тарапынан қаржылай сыйлық және марапат қағаздарын тапсырды.

ulttyqsport.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.