Ұлттық ат спортынан ел чемпионаты басталды

3615

Чемпионат сәуірдің 10-15-і күндері Бектөбе ауылындағы «Атшабар» ипподромында өтеді.

«Жастар арасындағы жарыстарға 1997-2000 жылдар аралығында туған жасөспірімдер қатысады. Олар спорттың төрт түрінен — көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілуден өзара сайысқа түседі. Чемпионатқа 12 облыстан 240 спортшы қатысады деп күтілуде», — деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте.

Ал сәуірдің 12-14-інде Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен кезекті жастар ойындары өтеді. Оған барлық өңірлерден 360-жуық спортшы қатысады. Сондай-ақ, сәуірдің 14-і күні Павлодар облысында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған дзюдодан xалықаралық турнир ашылады.

inform.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!