Ұлттық спорттың Бас төрешілері сайланды

3826

Бүгін Астанада өткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде ат спорт түрлерінің, соның ішінде аударыспақ, көкпар, теңге ілу және жамбы атудың Бас төрешілері сайланды.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы негізгі спорт түрі ретінде көкпар, аударспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарына басымдық беріп отыр. Осыған орай аталған спорттық ойындардың Бас төрешілері жиынға қатысушылардың дауыс беруімен сайланды.

Сонымен, Аударыспақтың Бас төрешісі – Жаныс Саев, Теңге ілудің Бас төрешісі – Рамазан Махатов, Көкпардың Бас төрешісі – Нұрдәулет Момынов, Жамбы атудың Бас төрешісі – Елдос Бадашов.

Осы орайда, Елдос Бадашовтың Жамбы атуға Бас төрешілігі алдағы уақытта ауысуы мүмкін. Себебі, Елдос болашақта мемлекеттік жаттықтырушы болатындығы айтылды.

Бас төреші 1 жылға сайланады. Оның қарамағында орынбасарлары, алаңдағы төреші, хатшы, техникалық төреші, медбике, диктор болады.

Бұл төрешілер алқасын құру жүйесі елімізде бір жыл бойы сынамалық жоба ретінде қолданылады.

Бұған дейін Алматыда Азия чемпионаты өтетінін және Астанада «Аударыспақ алыптары» сайысы өтуі мүмкін  екенін жазғанбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.