Ұлттық спорт мамандары біліктілігін арттыра бастады

3962

Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінің мәжіліс залында ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың біліктілігін арттыру курсының алғашқы дәрісі басталды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен ҚР Спорт және денешынықтыру істері комитетінің «Денешынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы»  бірлесе өткізген біліктілік арттыру курсы биылғы жылы төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Еске сала өтсек, бұған дейін аталмыш жиын Шымкент, Тараз қаласында және Жамбыл облысының Мерке ауданында өткізілді. Жылдан жылға бұл курстың тыңдаушыларының қатары қалыңдай түсуде. Биылғы курсқа республикамыздың барлық облыстарындағы ұлттық спорт мамандарымен бірге Ресей, Өзбекстан, Моңғолиядан арнайы шақыртумен келген бірнеше этноспорт мамандары қатысуда.

Бір аптаға жоспарланған бұл біліктілік арттыру курсында «Спорттық жаттығудың физиологиялық негіздері мен қағидалары», «Спорттық жаттығудың теориясы мен әдістемесі», «Жарыс алдындағы дайындық пен оқу-жаттығу процесін жоспарлау», «Спорт медицинасы», «Спортшылар дайындаудағы функционалдық диагностиканың маңыздылығы», «Спорттық психология», «Спорт психологиясының заманауи беталысы», «Спорт түрлеріндегі әдіс-тәсіл шеберлігін жетілдіру, «Спорт түрі бойынша ережеге енгізілген өзгерістерді түсіндіру» сияқты сан қилы тақырыпта дәрістер жүргізіледі.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға ҚР Спорт және денешынықтыру істері комитетіне қарасты «Денешынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының» арнайы сертификаты пен куәліктері табыс етіледі.

 Курс 19 наурызға  дейін жалғасады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.