Атты тур. Қысқы маусымға дайындық пысықталады

3406

Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында ең алғаш жылқыны қолға қазақ даласында үйреткені туралы айтқан еді.

«Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахынасына шыққан дәуірдің символына айналды» — деді Елбасы.

Ал осының негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің , «Kazakh tourism» ҰК» қолдауымен «Киелі Қазақстан» жобасы бойынша бұған дейін Қазақстан жеріндегі қасиетті жерлерге бірнеше рет атты экспедиция ұйымдастырылды.

Бұны қолға алып, ұйымдастырған Елордадағы «АТ ТРАВЕЛ.КЗ» клубының мүшелері болатын. 2014 жылдан бері тұрақты түрде Арқа даласында өтіп келген атты тур, қыркүйек айының басында жазғы маусымды аяқтаған еді. Енді 2 қараша  күні клуб мүшелері Целиноград ауданының қасиетті жерлері «Нияз би кесенесі – Кабанбай батыр кесенесі» аралығында жүріп өтіп, алдағы қысқы маусымға дайындықты пысықтамақшы.

Атты тур бағдарының ұзақтығы 30 шақырым.

Турға қатысушылыр Қосшы ауылы, Тайтөбе, Қызылжар және Қабанбай батыр ауылы аумағында орналасқан қасиетті жерлерге ат басын бұратын болады.

«Бұл бағытта ұлы даланың қасиетті жерлерінің көрінісін көруге болады. Турға қатысу тек туризмді ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар, әрбір адамның, соның ішінде жастардың бойына патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық дәстүрімізді, кешегі Елбасы айтқан атқа мәну мәдениетін жетілдіруді көздейді» — дейді ұйымдастырушылар.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.