Бір айғырға 100 мың теңге субсидия беріледі — АШМ

7771

Мемлекеттік қолдау мен субсидиялаудың арқасында республикада жылқы саны кеңестік кезеңге қарағанда 1,7 есе көбейді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

1991 жылы Қазақстандағы барлық санаттағы шаруашылықтарда жылқы саны шамамен 1,7 млн бас болды. Одан кейінгі нарықтық экономикаға көшу кезінде мал саны күрт азайып, 2000 жылға қарай республикадағы жылқы саны миллионға да жетпей қалған.

Мемлекет 2002 жылдары қолдау көрсете бастағаннан кейін мал санында өсім байқалды. Асыл тұқымды жылқыларды сатып алуға, қымыз бен жылқы етін өндіруге субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау — 2011 жылы іске қосылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда бүгінгі таңда жылқы саны 2,9 млн басқа дейін өскен (жыл басындағы мәліметтер бойынша). Бұл 1991 жылғы жылқы санынан 1,7 есе, ал 2000 жылмен салыстырғанда 3 есе көп. Тиісінше, жылқы шаруашылығы мен бие сүтінің өндірісі дамып, асыл тұқымды жылқылардың саны артты. 2011 жылдан бастап мемлекет сатып алуды субсидиялап олардың үлесі 1,9 есе өсті.

Бүгінгі таңда мемлекет жылқы шаруашылығымен айналысатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуді жалғастыруда. Атап айтқанда, олар үшін төмендегідей мүмкіндіктер қарастырылған:

  • Сатып алынған асыл тұқымды айғырлар үшін субсидиялау нормасы әр басқа 100 мың теңгеден;
  • Бие сүтін өндірушілер үшін әр литріне 60 теңгеден;
  • Асыл тұқымды жылқының аналық басын бағуға, жем-шөбіне жылына 20 мың теңгеден;
  • Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған техникалар мен жем-шөп дайындайтын жабдықтарды сатып алғанда мемлекет 25 пайыздық өтеу үлесімен инвестициялық субсидия береді;
  • Несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10% субсидиялау.

Бұл қолдау шараларының барлығы жылқы фермалары мен салалық қауымдастықтардың ұсыныстары бойынша жасалған. Жалпы алғанда, 2019 жылы 4,7 мың жылқы фермалары мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған қолдау шараларына қосымша, жылқы өсірушілерге «жылқы сатып алуға» 10 жылға дейінгі 6% жылдық жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

2016 жылдан бері «Құлан» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

2018 жылы 12 мың бас мал сатып алуға 512 шаруашылық қаражат алды, былтыр 1440 шаруашылыққа 40 мыңнан астам жылқы сатып алуға жеңіл несие берілген.

2020 жылы қаржылық қолдау алушылардың саны едәуір артады деп күтілуде.

Бұл ретте жылқы еті — тек ішкі нарыққа бағытталған өнім екенін атап өткен жөн. Экспорттық нарық мүлде жоқ деуге де болады.

Осы орайда, қоғамда түрлі пікір тудырған тақырып бойынша мынандай ақпарат ұсынамыз. Мемлекет әрқашан экономикалық тұрғыдан тиімді болу үшін көршілес елдердің сұранысына мән беріп, нарықтағы тұтынушы талабын ескереді.

Argymaq.kz

2 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.