Жеңіс Қасымбек: Құрғақ бие сүтінің емдік қасиеті мол

2967

Қарағанды облысын әкімі Жеңіс Қасымбек облыстағы Осакаровка ауданында өндірілетін құрғақ саумал жайлы айтты.

Қазіргі уақытта құрғақ бие сүтінің емдік қасиеттері туралы көп айтылып жүр. Оны өндірумен Осакаров ауданының Дальний ауылдық округінде орналасқан SAUMAL зауыты айналысады. Зауыт «Бұйратау» ұлттық паркі табиғи қорығымен шектесіп жатыр. Бұл өндірілетін сүттің бай биологиялық белсенді құрамын және экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді — деді өңір басшысы.

«Евразия Инвест LTD» ЖШС бие сүтін қайта өңдеу зауыты Жансары кентінде орналасқан.

Биенің жаңа сауылған сүті өзінің пайдалы қасиеттері мен құрамын бірнеше сағат бойына сақтайды. Сондықтан мұнда неміс вакуумдық сублимация технологиясы қолданылады. Бұл технология сүтті оның ерекше құрамы мен емдік қасиеттерін толығымен сақтай отырып өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ зауытта Saubota сублимацияланған түйе сүтінен ұнтақ шығару қолға алынды — деді әкім.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Осакаровка ауданда шығарылатын «Тонус KZ» ЖШС сүт өнімдерін Қарағанды мен Астана жұртшылығы жақсы білетінін атап өтті.

Мұнда өте дәмді сүт, қаймақ, айран, йогурт, сүзбе және май өндіріледі. Кәсіпорын Мирное ауылында орналасқан. Кәсіпорынды көп жылдан бері Ирина Ушакова басқарады. Сондай-ақ кәсіпорын біраз уақыттан бері жергілікті фермерлерден «Бірлік 2018» ӘКК ӨК сүт сатып алады — деді Жеңіс Махмұтұлы.

Естеріңізге сала кетейік, SAUMAL жайлы бұған дейін де бірнеше рет жазған болатынбыз.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.