Ел чемпионаты. Бүгінгі ойындар кестесі

3453

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында Көкпар мен аударыспақтан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр.

Бүгін жарыс алаңына көкпардан:

Алматы қаласы – Қарағанды облысы

БҚО – Алматы облысы

Нұр-Сұлтан қаласы – Ақтөбе облысы

Шымкент қаласы – Маңғыстау облысы

Атырау облысы – СҚО

Қызылорда облысы – Түркістан облысы құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше – жарыстың алғашқы күні көкпардан Қарағанды облысы құрамасы БҚО құрамасын 14:0 есебімен жеңсе, Қостанайдың құрамасы 8-5 есебімен Алматы облысының жігіттерінен басым түсті. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы мен Павлодар облысының есебі 16:1 болып, ақтөбеліктер айқын басымдықпен ұтқан болатын. Нұр-Сұлтан құрамасы мен Маңғыстау облысы құрамасы арасындағы тартысты сайыс 6-3 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Түркістан облысы мен СҚО құрамасы арасындағы бәсекеде есеп 12-4 болып, Түркістан құрамасы жеңіске жетті. Ал кешегі ойынды түйіндеген Атырау облысы құрамасы мен Жамбыл облысының жігіттерінің арасындағы тартыста Атырау құрамасы Жамбыл жігіттеріне төтеп бере алмады. Есеп – 11-1, Жамбыл жігіттерінің пайдасында.

Сондай-ақ, аударыспақтан 57, 62, 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жігіттер өзара мықтыны анықтаған болатын.

Ал бүгін 74, 82, 91, 100, +100 келі салмақтың үздіктерін анықтау сайыстары өтеді.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum