Алматы телеарнасы «Қызыл жебе» романы бойынша фильм түсірді

6781

Қазақ халқының ұлы перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері  Тұрар Рысқұловқа арналған «Қызыл жебе» атты тарихи сериалы түсіріліп бітті.

Фильмде 20-шы ғасырдың басындағы Патшалық ресейден кеткеннен кейінгі қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі баяндалады. Фильмнің бас продюсері Ілияс Ысқақов сол кездегі қазақ зиялыларының ел ертеңі үшін атқарған еңбектерін көрсеткіміз келді дейді.

Сол кезде Түркістан республикасын және Алашорда мемлекетін құру деген мәселелер көтерілді. Сол кездегі Тұрар мен алашордалықтар арасындағы келіспеушіліктер де осы фильмде айтылады. Дегенмен негізгі идея Рысқұловты сол кездегі ұлт жанашырларынан бөліп-жару емес, барлығының ойы қазақ елін қалай жеке мемлекет етеміз дегендерін көрсету болды. Алашорда, Түркістан республикасы боламыз дегендердің барлығы қазақтың болашағын, ертеңін ойлады. Жер тұтастығын сақтап қалу болды, міне сол жолдағы қиян-кескі күресін көрсеткіміз келді,-дейді ол.

Сонымен қатар ол Тұрар Рысқұлов жайлы бұған дейін айтылмай келген біраз тың дүниелер осы фильмде көрсетілетінін жеткізді. Әсіресе, Түркістан мемлекетін құру жолында Тұрардың Мұхамеджан Тынышбав, Мұстафа Шоқаймен кездескен сәтеттері фильмде көрсетіледі.

Он бөлімнен тұратын бұл фильмде Тұрардың балалық шағы, орта жас және Түрксіб темір жолын салуда атқарған еңбектері қамтылған.

Фильмді түсіру барысында Тұрардың әкесі Рысқұлды қамтыдық. Өйткені Рысқұлсыз Тұрар жоқ. Әкесінің атылуы және Тұрардың бірге түрмеге түсуі бар. Одан кейін Тұрарға әкесі «арың мен көйлегіңнің жағасын кірлетпе» деп айтқан сөзі бар, оны да қамтыдық. Сондықтан Тұрар өзін жоғары ұстауы, ардың және жан тазалығына үлкен мән бергені сол әкесінен деп көрсеттік, -дейді ол.

Сценарий Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасы желісімен жазылыпты, сондықтан Шерағаның образы да фильмге еніпті.

Шерхан Мұртаза ағамыздың рөлі де фильмде қамтылды. 1970 жылдың аяғы 1980 жылдардың басында Шерағаңа «Рысқуловчина» деп тиіскен. Яғни, оның жазушы, сыншылармен арадағы шиеленісті сәттері де осы фильмде айтылады. «Қызыл жебе» совет үкіметінің идеологиясы еді ғой дегендер де болды. Біздің ойымызша бұл жерде «Қызыл жебе» деп отырғанымыз Тұрардың өзі. Шерағаң жылқы арқылы Тұрардың образын берген, яғни ол қызыл жебедей ағып өтті. Тұрар түрмеде жатқанда оған ылғи Қызыл жебе келеді. Ал, атар алдында қызыл жебе одан кетеді. Елес болып, тастап кеткенде Тұрар өзінің өлетінін түсінеді. Сонда «Қызыл жебе» оның рухы, ұстанымы,-дейді Ысқақов.

Фильмнің бас продюсері бұған дейін бірнеше тарихи сериал түсіргенін жеткізді.

Бұған дейін Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арнап «Жамбыл» фильмін түсірдік, «Алжир», Рақымжан Отарбаевтың «Жұмбақтаудағы қазына» деген шығармасының желісімен 16 бөлімді тарихи фильм түсірдік, қазіргі түсіргеніміз Тұрар Рысқұлов жайлы. Біздің тарихи сериал түсіріп жүргенімізді көріп жылдың басында Нұржан Жалауқызы осы фильмді ұсынған еді. Содан Бақытжан Шормақов екеуіміз сценарийін жаздық. Одан кейін, жаста болса өте талантты режиссердің бірі Жасұлан Пошановты шақырып, жұмысқа кірісіп кеттік,-дейді І.Башарұлы.

Фильмде Тұрар Рысқұловтың рөлін – Сырым Қашқабаев, әкесі Рысқұлды – Еркебұлан Дайыров, Шерхан Мұртазаны – Алдабек Шалбаев ойнайды. Жобаның жетекшісі, идея авторы – Нұржан Жалауқызы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен түсірілген аталған фильм қазан айының 11-нен бастап «Almaty» телеарнасынан көрсетіледі.

Аталған телеарнаның басшысы Нұржан Жалауқызы жаңа маусымда ел Тәуелсіздігіне арналған бірнеше жаңа жобалар көрсетілетінін жеткізді. Оның бірі Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының сырын ашатын «Алматы: Тәуелсіздік белестері» деректі фильмі. Онда белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, педагогтар мен қоғам белсенділері мемлекеттің қалыптасуындағы қызықты деректерді бөліседі.

Әділет Мұсахаев

BAQ.KZ

1 comment

  1. Assylbek 24 Қыркүйек, 2021 at 19:13 Ответить

    Шерағаның «Қызыл Жебе » кітабы бала кезімде оқыған сүйікті шығармалардың бірі еді.Осы шығарма арқылы Тұрар Рысқұлов туралы білдік. Кейін Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы » Рысқұловтың өмірі негізінде түсірілгенін білдім.Кейін есейген шағымда неге Шерағаның романы бойынша толық метражды фильм немесе сериал түсірілмейді екен деп ойлайтынмын.Міне алла бұйыртса ол күнге де жеттік.Фильмнің көгілдір экранға шығуын тағатсыздана күтеміз. Шығармада Тұрардың бала кезінде, есейген кездеріндегі өмірін бейнелейтін әсерлі тұстар көп. Сценарий авторлары сол сәттердің барлығын болмаса да негізгілерін қамтыған шығар деп үміттенемін.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.