Ақтөбе облысының әкімі жылқыға субсидия төлеуді жалғастыратынын айтты

2789

Еліміз бойынша Ақтөбе облысы жылқы шаруашылығына субсидия бөліп келе жатқан бірден-бір облыс. Алдағы уақытта субсидия көлемін ұлғайту жоспары бар ма? Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жауап берді.

Жалпы, ауылшаруашылықты дамыту үшін ынталандыру ниетімен субсидия беруді екі жыл қатарынан жалғастырып келеміз. Былтыр 5,5 млрд теңге бөлінсе, биыл 6,4 млрд теңге бөлінді. Ірі қараның, жылқының, жалпы төрт түліктің өз есебі бар. Тек қана жылқы емес, қолымыздан келгенше барлығын ынталандырып, қаражат бөлудеміз. Айта кету керек, облысымыздың ауыршаруашылығы әртараптандырылған, – деді ол.

Сонымен қатар әкім былтыр субсидия бөлінгеннің арқасында облыс шаруашылығы қандай нәтижелерге жеткенін айтты.

Біріншіден, біз көлеңкеде, есепсіз жүрген малдың есебін шығарып алдық. Бір жағынан, өсу байқалды. Әсіресе  қой мен жылқы саны арта түсті. Өйткені субсидия алу үшін жергілікті жерлердің шаруа қожалықтарының басшылары өздерінің малдарын тіркей бастады. Екіншіден, биыл бұл ісімізді жалғастырдық. Келесі жылы да субсидия бөлуді жалғастырамыз деген жоспар бар. Себебі ауыл шаруашылығы – еліміздің дамып келе жатқан ерекше салаларының бірі, – дейді ол.

Олжас Адай

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.