2021 жылғы еліміздегі жылқы саны
Жылдағы дәстүрмен Argymaq.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдап, 2021 жылғы жылқы санын сұратқан болатын.
АШМ-ның Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан алынған ақпаратқа сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша жылқы саны 3 331 мың басқа жетіп, өткен жылмен салыстырған 7,1%-ға көбейген. Оның 1 532,3 мыңы ұрғашы жылқы.
Жылқы санының өсімі бойынша ШҚО (465,6 мың бас) көш бастап тұры. Алдыңғы үштікті Қарағанды (422,2 мың бас) және Алматы облыстары (397,4 мың бас) түйіндепті.
Бұған дейін 2017, 2018, 2019 және 2020 жылғы жылқы саны бойынша ақпарат берген болатынбыз.
Нұр-Сұлтан қаласы – 389
Алматы қаласы – 867
Шымкент қаласы – 13821
Ақмола облысы – 221667
Ақтөбе облысы – 192746
Алматы облысы – 397444
Атырау облысы – 101780
Шығыс Қазақстан облысы – 465620
Жамбыл облысы – 148575
Батыс Қазақстан облысы – 245715
Қарағанды облысы – 422228
Қостанай облысы – 141725
Қызылорда облысы – 172477
Маңғыстау облысы – 93312
Павлодар облысы – 207732
Солтүстік Қазақстан облысы – 137299
Түркістан облысы – 366674
Барлық бағыттағы асыл тұқымды жылқылардың саны тұқымдар бойынша — 225 708.
Негізінен елімізде қазақ, көшім, мұғалжар, таза қанды мініс, таза қанды араб, дон, орыс желісті және т. б. тұқымдар өсіріледі.
Тағы бір қызықты дерек 2021 жылы елімізде 928 мыңнан астам құлын туған.
2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 142,9 мың тонна жылқы еті өндірілді және отандық өндіріс есебінен республикамыз жылқы етімен 98%-ға қамтамасыз етілген.
Ал 2021 жылы еліміз көлемінде 4000-ға жуық жылқы өлген.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметі бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазан айларында 109,3 мың тонна жылқы еті өндірілді.
Сонымен қатар, осы жылдың қаңтар-қазан айында 2,0 мың тонна жылқы еті импортталды. Негізгі импорттаушылар Аргентина (904,5 тонна), Уругвай (728,0 тонна), Ресей Федерациясы (152,9 тонна) және Моңғолия (100,0 тонна).
Экспортқа жылқы еті шығарылған жоқ.
[…] дейін 2017, 2018, 2019, 2020 және 2021 жылғы жылқы саны бойынша ақпарат берген […]