Егер мен атбегі болсам…

2827

Әуелі бұл мақаланың орыс тіліннен аударылғанын ескертеміз. Екіншіден, бұл таза қанды жылқы ұстайтындарға арналған. Үшіншіден, өздеріңіз оқу барысында білесіздер, қысқа қашықтықтағы, яғни ұшқыр бәйге аттарын дайындайтын атбегілерге керек болуы мүмкін кеңестер деп қабылдағандарыңыз дұрыс.

Argymaq.kz

Егер мен атбегі болсам, өзім үйренбеген, тақымым жатылмаған жүйрікпен аламанға қатыссам, жарақат алу қаупі жоғары болатынын ескерер едім.

Егер мәре сызығын кесіп өткен сәттегі видео-түсірілімге зер салар болсақ, таза қанды жылқылардың аздап солға қарай иіле шабатынын байқар едік.

Егер мен атбегі болсам, жүйрік атты бәйге алаңына қалай үйретуге болатынын білер едім. Алайда, тек сол жағына қарай бейімделген, бір сөзбен айтқанда «солақай» жүйрікті қалыптастыру мүмкін емес екенін айтқым келеді.

Егер мен атбегі болсам, шабандоздарға өз салмағын аттың арқасына сала отырып, жүйріктің теңгерімсіздік күшін көбейте түсетін «acey-ducey» (сленг: әр түрлі ұзындықтағы үзеңгі) тағып, салт мініп шабуға жол берсем едім. Сондай-ақ, шабандоздардың аттың теңгерімсіздігіне себеп болатынындай етіп тізгінді бір езулей рабайсыз бұрып ұстауына жол бермес едім.

Егер мен атбегі болсам, таза қанды жүйріктер жаттығу жолында өткізетін, әрі кеткенде, ең ұзағы орта есеппен 7 минут болатын уақыттың — ауыр жаттығуларға шыдау үшін қажет сүйек, сіңір мен буындарды дамытуға жеткіліксіз екендігін білген болар едім.

Егер мен атбегі болсам, ат шапқан кезде денеге түсетін күшке шыдайтын (bleeding), дені сау жүйрік атты дамыту үшін не істеу керегін білген болар едім немесе білуге тырысар едім.

Мен әр апта сайын жарысқа қатысып, екі жылда 20 рет бәйгеге қосылған, аптасына екі немесе одан да көп рет шоқырақтатып, одан көп старт жасаса да, денсаулығына зиян келмеген, есірткісіз «темір» замандағы жүйріктердің сол кездегі бапкерлерінің атбегілік өнерін зерттедім. Сондай-ақ, аптасына 2-3 рет, тіпті, кейде одан да көп арақашықтықта аттарын баптайтын австралиялық заманауи, жетекші атбегілерді зерттедім. Мен аптасына бір рет жасалған шоқырақ аттарымның сол қалпында әрі дені сау болып қалу үшін жеткілікті физикалық күшті қамтамасыз етпейтінін бағамдадым.

Егер мен атбегі болсам, саликс, кленбутерол мен бутазолидин, буынға салатын стероид инъекциялары қатарлы зиянды, қажетсіз, бірақ заңды препараттарды бәйге күндері қолдану менің жүйріктерімнің денсаулығы мен бәйгеге қатысу ұзақтығына кері әсер ететінін білген болар едім.

Егер мен атбегі болсам, аттарымды жаттығу жолына шығарардың алдында дұрыс әрі қажетті ширату процесін іске қоса отырып, 15-30 минут бойы жай жүргізіп қояр едім. Жүйрік аттарды дұрыс әрі қажетті ширату процесін жалғастыру үшін бәйге алдында, тым құрығанда, жарты шақырым ақырын желдіріп, жаттығып болған соң бір шақырым ақырын шоқырақтап жүрулерін қадағалаған болар едім.

Егер мен атбегі болсам, жүйрік аттарыма әр бәйгеден соң құмда аунап жата тұруға мүмкіндік беретін едім.

Егер мен атбегі болсам, аттарым оң жаққа шоқырақтап жаттыққан кезде сол жаққа қарай жүргізіп, ал олар сол жаққа шоқырақтағанда оң жаққа жүргізер едім, себебі бұлай істеу олардың сол жаққа бұрылған кезде ғана таза қанды жылқыларға тым қатты әсер ететін арқа мен мойынның артритінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Егер мен атбегі болсам, аламанға арналған тіреуішсіз ер-тоқым аттың арқасына ауырсыну тудыратынын білген болар едім. Шабандоздар ақырын шоқыраққа арналған үзеңгіге тұрған кезде, аттың алдыңғы аяқтарына (жерді соққылай отырып) күш салуына мәжбүр ететіндігін, ал егер шабандоз ер-тоқымға отырған кезде аттардың қозғалыс күшін арттырып, дендерінің сау болуына көмектесетінін, артқы аяқтарына күш салуына сеп болатынын білген болар едім.

Егер мен атбегі болсам, жылқы бір орнында қозғалмай ұзақ тұрған кезде (мысалы ипподромдағы атқорада 23 сағат бойы тұрған кезде) артритке шалдығатынын білген болар едім.

Егер мен атбегі болсам, аттар өз аяқтарының қозғалғыштық қабілетін сақтап қалуы үшін және олардың дені сау әрі мықты болуы үшін көмектесетін өмірлік маңызы бар табиғи D дәруменін бойына сіңіруі үшін түстен кейін күн көзіне бірер сағат серуендеу қажеттігін білген болар едім.

Егер мен атбегі болсам, ауа-райының ыңғайы келсе, аттардың тым кішкентай атқорада лас ауаны жұтып, 23 сағат жабық жерде уақыт өткізгеннің орнына, күніне екі-үш сағат күннің астында уақыт өткізетіндей, шағын «күн ваннасын» қабылдатар едім.

Орысшадан аударған Олжас Адай

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.