Қазақстан чемпионаты. Үздік құнандар анықталды

1524

Алматыда Республика күніне орай өткен аламан бәйгеде 11 команда бақ сынап жатыр.

Бәйгенің төрт түрінен (құнан, топ бәйге, аламан, ұлы аламан) сынға түсуге еліміздің Астана мен Алматы екі қаласымен қатар Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарының желқанат жүйріктері өзара мықтыны анықтауды бастады.

«Жетілсін деп тұяғы, тайында қостым бәйгеге» дегендей, жер танып, тұяғы жетілсін деген ниетте аламан жолына әуелі 15 құнан шықты.

Қазақстан Республикасының бәйге федерациясының ұйымдастыруымен ала жаздай еліміздің әр өңірінде өткен «Ұлы аламан» бүгін Алматы облысы, талғар ауданына қарасты Байсерке агро ипподромында қорытындыланып жатыр.

Сонымен, көрерменнің көңілін қыздыру үшін, тақымына жел, көңіліне серпін беруге тырысқан құнын бәйгенің жүлдегерлерін таныстыратын уақыт та келді.

Сөреде тізгін босатқан 15-тен 11 шақырымнан соң суырылып шыққан бес құнан төмендегідей:

5-орын: Алматы облысынан келген Қабыл Айтқабыл тақымдаған «Силк ред» атты жүйрік. «Бейбарыс» шаруа қожалығына тиесілі жүйріктің бапкері – Еділ Құсайынов. Жүлдесі — 300 000 теңге.

4-орын: Алматы облысынан келген Абзал Мұратұлы тізгіндеген «Құлагер». Дәурен Серіковке тиесілі жүйріктің бапкері – Мұрат Арықбаев. Жүлдесі — 400 000 теңге.

3-орын: Алматы облысының шабандозы Ернұр Арнаттың тақымында тулаған «Нұрай» атты байтал. «Нұрай» шаруақожалығының жүйрігін баптаған Ержан Ақтасов. Жүлдесі — 700 000 теңге.

2-орын: Бұл жолы да Алматы облысының жүйрігі «Мой мир» жүлделі болған екен. Шабандозы – Нұрболат Сүнетай, ат иесі – «Бейбарыс» шаруа қожалығы, бапкері сол Еділ Құсайынов. Жүлдесі — 1300 000 теңге.

1-орын: Алматы облысының «Қаракөз» атты құнаны. Шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Жанкөйліковтер әулеті, ал бапкері – Мұрат Досбергенов. Жүлдесі — 3 000 000 теңге.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.