Мейрамбек Бесбаевтың көкпары өтті (ФОТО)

3051

Бүгін Тараз қаласының іргесіндегі Амангелді атшабарында еліміздің сүйікті ұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мейрамбек Бесбаевтың бата көкпары өтті.

Бас-аяғы бару-келуімен 28 салым салынған дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 25 млн теңге.

Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейін де жасап келем, көкпардан кейін де жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім – дейді әнші.

Сонымен 28 салымды кімдер салды, салым сомасы қанша, соған келейік:

1-салым: 

Баруы — Құрманбек Тұрғанбек (1 млн теңге)

Қайтуы — Нұрдәулет Момынов (1 млн теңге)

2-салым:

Баруы — Қаршыға (300 мың теңге)

Қайтуы — Абылай Қарқабат (300 мың теңге)

3-салым: 

Баруы — Айнабек Жауғашты (300 мың теңге)

Қайтуы — Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)

4-салым: 

Баруы — Асланбек (300 мың теңге)

Қайтуы — Әділет Мамыт (300 мың теңге)

5-салым:

Баруы — Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)

Қайтуы — Есжан (300 мың теңге)

6-салым:

Баруы — Рәт Ислам (300 мың теңге)

Қайтуы — Ұлан (300 мың теңге)

7-салым: 

Баруы — Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)

Қайтуы — Айбол Айтбек (300 мың теңге)

8-салым:

Баруы — Бақытбек Қазығұрт (300 мың теңге)

Қайтуы — Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)

9-салым: 

Баруы — Датқа (600 мың теңге)

Қайтуы — Сәбден (600 мың теңге)

10-салым:

Баруы — Ынтымақ (600 мың теңге)

Қайтуы — Жаманғали (600 мың теңге)

11-салым: 

Баруы — Құрманбек Тұрғанбек (500 мың теңге)

Қайтуы — Ернат (500 мың теңге)

12-салым: 

Баруы — Ерсайын (500 мың теңге)

Қайтуы — Ынтымақ (500 мың теңге)

13-салым: 

Баруы — Рәт Ислам (300 мың теңге)

Қайтуы — Айтан Дәулет (300 мың теңге)

14-салым: 

Баруы — Асланбек (600 мың теңге)

Қайтуы — Ынтымақ (600 мың теңге).

Өгіз өлдіге тігілген, яғни 15-салымның бару-қайту екі тартысы ойнатылған жоқ. Себебі уақыт тым кеш болып, қараңғы түсіп кеткендіктен, аттың да, адамның да қауіпсіздігі ескерілді. Оның әрбіріне екі-екі миллионнан 4 миллион теңге тігілген болатын.

Қазақтың біртуар ұлы Мейрамбек Бесбаевқа берген бата-көкпары қабыл болып, Алла тілегіне жеткізсін дейміз.

Естеріңізде болса, бұл көпардың өтетіні жайлы бұған дейін де хабарлағанбыз.

Argymaq.kz

Фото авторы: Алтынбек Қартабай

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!