Депутаттар қазақ жылқысына қатысты заң қабылдады

1396

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заңды қабылдады.

Заң жобасының қабылдануына бастамашы болған депутаттардың бірі Аманжол Әлтай Заң жобасына қатысты қосымша баяндама жасады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – отандық мініс жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, сондай-ақ оның асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту және мал басын ұлғайту үшін селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу.

Атылған мақсаттарды іске асыру үшін заң жобасында «асыл тұқымды жануар» және «тұқым стандарты» ұғымдарына өзгерістер енгізілді, осыған сәйкес асыл тұқымды жануарлардың фенотиптік және өнімділік көрсеткіштерімен қатар, жылқылардың жұмысқа қабілеттілігіне, ептілігі, төзімділігі сияқты басқа да пайдалы қасиеттер тұқым стандартына жатқызылады.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары тек өнімді жылқы шаруашылығын қолдауға ғана бағытталғанын айта кеткен жөн.

Бұдан басқа, заңнамалық түзетулерге сәйкес отандық жылқы тұқымын сақтауға және өсімін молайтуға бағытталған іс-шараларды субсидиялау көзделген.

Сонымен қатар, заң жобасының тақырыбы өзгереді, өйткені «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 9-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес тақырып нормативтік құқықтық актінің реттеу нысанасын көрсетуге тиіс.

Заң жобасының жаңа атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мініс және мініс-жегін бағыттарындағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» деп аталады.

Заң жобасы бойынша мүдделі уәкілетті органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және сарапшылардың, оның ішінде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Парламентаризм институты, Жылқы шаруашылығы республикалық палаталары, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Қазақстандық жокей клубы және «Бәйге» Федерациясы өкілдерінің қатысуымен таныстыру өткізілді, жұмыс тобының 5 отырысы және Комитеттің бір кеңейтілген отырысы өтті. Салыстыру кестесінде 10 түзету бар – дейді депутат.

Мәжілістің барлық комитеті оң қорытынды ұсынған.

Осыған байланысты, әріптестерімнен осы Заңды қабылдау және оны Парламент Сенатына жіберу туралы ұсынысты қолдауды сұраймын – деді Аманжол Әлтай.

Argymaq.kz

1 comment

  1. Спорттық жылқыны дамыту бойынша Заң жобасы — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 27 Мамыр, 2024 at 15:20 Ответить

    […] Жақында ҚР Парламенті Мәжілісінде спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданған болатын. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.