Шағырбаев Қытайдағы «Жылқы фотосуреті» байқауында топ жарды (ФОТО)

481

ҚазАқпарат фотографы Мақсат Шағырбайдың екі суреті Қытайда өткен «Жылқы фотосуреті» байқауында үздік атанды.

Жақында Қытайдың Силинхот қаласында «Феникс кубогы» атты 4-ші халықаралық жылқы фотосуреттері байқауы өтті.

Бұл фотосурет байқауын Қытай жылқы қауымдастығының фотографтар филиалы мен Силинхот жылқы өнеркәсібін дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – жылқы саласының өркендеуіне ықпал ету және жылқы тақырыбына арналған фотосуреттерді насихаттау.

Байқау 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақытқа дейін төртінші рет өткізіліп отыр.

Бұл байқауға Қазақстан фотографы Мақсат Шағырбайдың екі суреті қатысты.

Екі фотосурет те жүлделі орындарға ие болды.

Мақсат Шағырбаевтың фотоларын мына жерден көруге болады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!