Ел чемпионаты. Бұған дейінгі ойындар нәтижесі
2000 жылдық тарихы бар Тараз төрінде байрағын көтерген ел чемпионатының бесінші күні басталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда Әулие ата топырағын ат тұяғымен дүбірлетіп жатыр. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтіп жатқан Көкпар мен аударыспақтың жиырмасыншы чемпионаты көрерменсіз өтуде.
Санитарлық талаптарды сақтай отырып, барлық қауіпсіздік ережесін ұстанған ойыншылар еліміз үшін ең бастысы денсаулық екенін толық түсінген.
Биылғы сайысқа Шығыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысы түрлі себептерге байланысты қатыса алған жоқ Бұл екеуінен басқа үш қала мен 12 облыс толықтай қатысып жатыр.
Олай болса, бұған дейінгі төрт күнде өткен ойындардың нәтижесіне бір көз жүгіртіп қойсақ:
Алғашқы күн:
Қарағанды облысы – БҚО – 14:0
Қостанай облысы – Алматы облысы – 8:5
Ақтөбе облысы – Павлодар облысы – 16:1
Нұр-Сұлтан қаласы – Маңғыстау облысы –- 6:3
Түркістан облысы – СҚО – 12:4
Жамбыл облысы – Атырау облысы – 11:1
Екінші күн:
Қарағанды облысы – Алматы қаласы – 6:1
Алматы облысы – БҚО – 6:0
Нұр-Сұлтан қаласы – Ақтөбе облысы – 8:3
Маңғыстау облысы – Шымкент қаласы – 3:2
Атырау облысы – СҚО – 17:1
Түркістан облысы – Қызылорда облысы – 17:2
Үшінші күн:
Жамбыл облысы – СҚО – 13:3
Атырау облысы – Қызылорда облысы – 12:1
Төртінші күн:
Қарағанды облысы – Қостанай облысы – 7:6
Алматы қаласы – БҚО – 15:1
Маңғыстау облысы – Павлодар облысы – 20:1
Нұр-Сұлтан қаласы – Шымкент қаласы – 10:2
Ал бүгін алаңға шығатын командалар төмендегідей.
Қостанай облысы – Алматы қаласы
Ақтөбе облысы – Маңғыстау облысы
Павлодар облысы – Шымкент қаласы
Қарағанды облысы – Алматы облысының құрамалары.
Естеріңізге сала кетейік, Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты аясында 6-7 сәуір күндері «Өнер көкпары» өтеді. Оған Досымжан Таңатаров, Мүсілім Тәуекел бастаған әншілер, өнер иелері қатысады деп жоспарланып отыр.