«Алтын тұғыр» марапаттау рәсімі өтеді

2450

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығын табыстау шарасы өтеді.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген спортшылар «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Құсбегі», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Дәстүрлі садақ ату», «Асық ату», «JORYQ» аталымдары бойынша марапатқа ие болады.

Жылдың үздіктері анықталатын шараға Туризм және спорт министрлігі, «Amanat» партиясы және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдау көрсетіп отыр. Іс-шараның серіктесі – «Sport Qory».

Ұлттық спорт қауымдастығына қарасты 10 федерация жыл бойы үздік болған спортшыларды анықтады. Жыл жүйріктері кімдер екенін бірге білейік!

Марапаттау шарасы 20-желтоқсан күні сағат 17:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында болады.

Келіңіздер, ұлттық спорттың үздіктерін көріңіздер!

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
jojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibommarsbahismarsbahismarsbahispusulabetpusulabetpusulabetHoliganbetescort dameshuhubetjojobetCasibombetgarantiHoliganbetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobetMarsbahisHoliganbetmarsbahismarsbahis giriş