Argymaq.kz «АLAMAN-нан» үздік шықты

1031

Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен және Бас редакторлар клубы мен Ұлттық медиа қауымдастығының қолдауымен «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ұлттық спорттың кең насихатталуына БАҚ өкілдерінің сіңірген еңбегіне тоқталды.

Ұлттық спорт түрлері қазіргі кезде қарқынды даму үстінде. Қауымдастық екі жылда ұлы құндылықтарды ұлықтау ісінде аянып қалған жоқ. Түрлі республикалық және халықаралық жарыстар мен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорттың абыройын одан әрі биіктете түсті. Осы орайда халыққа ақпарат таратып, ұлттық спорттың қыр-сырын насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын – деді Исламбек Салжанов.

«АLAMAN» халықаралық медиа байқауына жолданған 200-ден аса материалды ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан, Анас Баққожаев, Максим Рожин және ҚР СІМ Қоғамдық дипломатия басқармасының басшысы, Ілияс Омаров сараптады. Қазылар алқасының шешімімен жеті номинация бойынша жеңімпаздар реті мынадай:

  1. «Үздік бағдарлама» (телевизия, радио)

1-орын: «Бақ пен бап» бағдарламасының режиссері Ершат Қожатаев. («Qazsport» телеарнасы);

2-орын: «Жылқы жыры» хабарының жүргізушісі Бағдат Қапбасов. (Шалқар радиосы);

3-орын: «Дүлдүлдер дүбірі» бағдарламасының режиссері Азамат Жанасбаев («Хабар» агенттігі).

  1. «Үздік аналитикалық материал» (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)

1-орын: «Дүниеге естіледі дүбірі» атты мақаланың авторы Қуаныш Нұрданбекұлы («Egemen Qazaqstan» газеті);

2-орын: «Школа национальных видов спорта села Заречное набирает популярность» атты мақаланың авторы Нуртазин Асхат Абул-Кадырович («Наш Костанай» газеті»);

3-орын: «Ұлттық спорт – ұлттық идеология» атты мақаланың авторы Наурызбек Саршаев (Республикалық қоғамдық-саяси «AIQYN» газеті).

  1. «Үздік танымдық материал» (интернет, БАҚ)

1-орын: Ұзақ мерзімді жүйелі жарияланымдар үшін Ержан Жаубай («Argymaq.kz» ұлттық танымдық порталы);

2-орын: «Сакральные асыки и свадьба на конях: какие секреты таят в себе казахские виды спорта» аты мақаланың авторы Кожухарь Владислав Владимирович. («CARAVAN.kz медиа-порталы» ақпарат агенттігі);

3-орын: «Бәйге арқылы отбасымды асырап отырмын – атбегі» атты мақаланың авторы Алтынбек Мерсадық («Aikyn.kz» ақпараттық порталы).

  1. «Үздік сұхбат» (YouTube арна)

1-орын: «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» алдындағы дайындық және өтуі туралы сұхбаттар циклі үшін Аслан Қаженов («Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы);

2-орын: «Бәйгеден ҚР чемпионаты туралы бағдарламар циклі» үшін Калимурзина Фариза Мұсақызы («Baibolsyn» ақпараттық порталы);

  1. «Үздік фотосурет» (БАҚ, әлеуметтік желі)

1-орын: Ұлттық спорт туралы фотосуреттер легі үшін Мақсат Шағырбай («Казинформ»агенттігі);

2-орын: «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы фотосуреттер үшін Станислав Филиппов (стрингер);

3-орын: «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап…» атты сурет үшін Талғат Таныбаев (ТОО «Қызылжар ақпарат»).

  1. «Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал» (қазақтың ұлттық спорты туралы)

1-орын: Ұлттық спорт туралы материалдар легі үшін Динара Қожабаева («Қазақ елі» журналы, Түркия);

2-орын: «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы репортаждары үшін Жанар Салыбай (ТRT-нің Қазақстандағы өкілдігі);

3-орын: «Три ступни и пять камней: что общего в играх казахов, австралийцев и европейцев?» атты материалы үшін Майра Джиенгулова («МИР24» ақпараттық-аналитикалық интернет-портал).

  1. «Әлеуметтік желідегі үздік материал» (блогинг, мобилография).

1-орын: «Көкпар мен көк-бору туралы» материал үшін Иван Резванцев («Дядя Ваня» телеграм-каналы);

2-орын: Ұлттық спорттағы қыздар туралы материалдар легі үшін Камал Әлпейісова;

3-орын: «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы материалдары үшін Қайнар Олжай;

1-орын иесіне – 1 000 000 млн теңге, 2-орын – 700 000 мың теңге, 3-орын иесіне – 500 000 мың теңге қаржылай сыйақы сертификаттары табыс етілді. Онымен қоса арнайы «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының мүсіншесі мен диплом табысталды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.