Конкурдан ел кубогы сарапқа салынады

119

20-22 маусым аралығында «Арғымақ» АССК базасында ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкур бойынша Қазақстан республикасының кубогы өтеді.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген мықты спортшылар қатысады. Спорттық шара бағдарламасы екі санат бойынша өткізіледі. Қатысушылар 120-дан 145 см-ге дейінгі әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алты бағытта өз шеберліктерін көрсететеді.

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен халықаралық стандартқа толық сай ұйымдастырылады. Бұл – жарыстың жоғары деңгейде өтуіне, әділ бағалануы мен кәсіби төрелікке кепілдік береді.

ҚР Кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дәрежесіне сәйкес дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Конкур бойынша Қазақстан Республикасының кубогы – жай ғана жарыс емес, болашағы зор спортшылар мен тұлпарларды анықтайтын, сондай-ақ ұлттық құрамаға мықты спортшыларды іріктеуге бағытталған маңызды кезең – дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс кестесі:

Күні: 20.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – Ашылу салтанаты

Уақыты: 11:00 – «Б» тобы, 1-маршрут, 120 см;

Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 2-маршрут, 130 см.

Күні: 21.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – «Б» тобы, 3-маршрут, 125 см;

Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 4-маршрут, 140 см дейін;

Күні: 22.06.2025 ж.

Уақыты: 10:00 – «Б» тобы, 5-маршрут, 130 см;

Уақыты: 14:00 – «А» тобы, 6-маршрут, 145 см.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.