Ел чемпионаты: Финалға қай команда жолдама алады?

394

Көкпардан жасөспірімдер арасында ХІІІ Қазақстан чемпионатының топтық кезең ойындары аяқталып, жартылай финалға шыққан командалар анықталды. Жарыс 2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өтіп жатыр.

Дүбірлі додаға Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарынан 14 команда жиналды.

Командалар төрт топқа бөлініп, үш күн бойы іріктеу мачтарын өткізді. Жамбыл, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы командалары топ ішіндегі қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Топтық кезең ойындарының нәтижесінде салым саны жағынан Түркістан облысы көш бастап тұр. Екі ойын ғана өткізген түркістандық көкпаршылар 31 салым салды. Одан кейінгі орында 28 салым салған Жамбыл облысы мен Алматы қаласының командалары тұр. Екі команда да үш ойын өткізді.

Алматы қаласының ойыншысы Нұрбек Ғалым топтық кезеңде 9 салым салып көш бастады. Одан кейінгі орында 8 салым салған Жамбыл облысының ойыншысы Мансұр Темірхан тұр.

22 тамызда Алматы қаласы мен Жамбыл облысы, Түркістан облысы мен Батыс Қазақстан облысы финалдық жолдаманы сарапқа салады. Ал Алматы облысы мен Ақтөбе облысы, Шымкент қаласы мен Ұлытау облысы 5-8 орындар үшін түйісу ойындарын өткізеді. 23 тамызда финалдық ойындар өтіп, биылғы ел чемпионы кім екені белгілі болады.

Жарыстың жүлде қоры 8 250 000 теңге. Жүлдегер командалардан бөлек «Үздік шабуылшы ат», «Үздік қорғаушы ат», «Үздік жекпе-жек аты», «Үздік ойыншы» номинацияларының жеңімпаздары қаржылай сыйлыққа ие болады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum