Ел чемпионаты. Түркістан облысы жеңімпаз

621

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен ХІІІ Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды.

Жамбыл облысы – күміс, Алматы қаласының командасы қола жүлдеге ие болды.

2008-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігіне Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Жетісу облыстарынан 14 команда жиналды.

Тартысқа толы финалда Түркістан облысының ойыншылары Жамбыл облысының командасын 8:7 есебімен жеңіп, Қазақстанның 12 дүркін чемпионы болды. Ойынның негізгі уақытында екі команда 7:7 есебімен тең түсті. Қосымша уақытта Түркістан облысы командасының ойыншысы Айтуған Ерболат «Алтын салым» салып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Қола жүлдені Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының ойыншылары сарапқа салды. Алматылық көкпаршылар БҚО командасын 9:0 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Чемпионат жүлдегерлерін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров марапаттады.

Кейінгі жылдары көкпарға жас ойыншылар көптеп келіп жатыр. Бұл бізді қуантады. Алдағы уақытта клубтық ойындарды дамыту көкпарды дәріптеуге серпін бермек. Осылайша өңірлердегі жігіттер өзін көрсете алады. Бұл спорт түрінің әлеуеті жоғары, себебі көкпар білек пен шыдамның додасы ғана емес, бұл халқымыздың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрмет белгісі. Бүгін тартысқа толы финал болды. Жас өрендеріміз көкпардың болашағы екенін дәлелдеді, – деді Айдарбек Қожаназаров.

Жарыстың жүлде қоры 8 250 000 теңге. Командалардың әр жеңісі үшін ақшалай жүлде тағайындалды. Жүлдегер командалардан бөлек үздік өнер көрсеткен ат иелері мен үздік ойыншыға 200 мың теңгеден қаржылай сыйлық берілді.

Номинация иегерлері:

«Үздік шабуылшы ат» – Сыйлықторы. Ат иесі – Нұрдәулет Момынов;

«Үздік қорғаушы ат» – Үшқоңыр. Ат иесі – Нұрбол Бимағамбет;

«Үздік жекпе-жек аты» – Нұрқасқа. Ат иесі – Нұрбол Бимағамбет;

«Үздік ойыншы» – Түркістан облысы командасының капитаны Айтуған Ерболат.

Чемпионат қорытындысы:

1-орын – Түркістан облысы (1 млн 350 мың теңге);

2-орын – Жамбыл облысы (700 мың теңге);

3-орын – Алматы қаласы (800 мың теңге);

4-орын – Батыс Қазақстан облысы;

5-орын – Шымкент қаласы;

6-орын – Алматы облысы;

7-орын – Ақтөбе облысы;

8-орын – Ұлытау облысы;

9-орын – Қостанай облысы;

10-орын – Қызылорда облысы;

11-орын – Атырау облысы;

12-орын – Жетісу облысы;

13-орын – Маңғыстау облысы;

14-орын – Қарағанды облысы.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum