«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2025»: екі команда жарыстан шығып қалды

164

21 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңертең 17 команда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылы маңынан жорықты жалғап, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылына аялдады.

Екінші кезең – 150 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысы командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Абай облысының командасы үштікті түйіндеді.

Орны Команда атауы Уақыт
1 Жетісу облысы 07:02:57
2 Қырғызстан-1 07:03:25
3  Абай облысы 07:10:36
4 Ұлытау облысы 07:13:58
5 Қырғызстан-2 07:23:20
6 Алматы облысы 07:33:48
7 Қостанай облысы-1 07:38:10
8 Маңғыстау облысы-Көкмойнақ 07:39:46
9 Қабардин-Балқар (РФ) 07:41:05
10 ШҚО 07:57:34
11 Алматы қаласы 07:57:43
12 Ақтөбе облысы 08:02:20
13 Астана қаласы 08:10:01
14 Маңғыстау облысы-Суын 08:11:26
15 Қостанай облысы-2 08:14:21
16 Бірлік командасы 10:06:29
17 Атырау облысы Жарыстан шығып қалды
18 БҚО Жарыстан шығып қалды

 Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Жетісу облысының командасы топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырым, жарыс Қостанай облысының аумағында өтеді. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.

«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum