«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2025»: 7 команда жарыстан шығып қалды

23 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңертең 13 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылынан шығып, Амангелді ауданы, Амангелді ауылына келді.
Төртінші кезең 350 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Маңғыстау облысының Көкмойнақ командасы үздік үштікті түйіндеді.
Төртінші кезең нәтижесі:
Команда атауы | Уақыт | |
1 | Жетісу облысы | 17:57:12 |
2 | Қырғызстан-1 | 18:14:26 |
3 | Маңғыстау облысы-Көкмойнақ | 18:39:55 |
4 | Ақтөбе облысы | 18:47:00 |
5 | Қостанай облысы-1 | 18:57:12 |
6 | Ұлытау облысы | 19:09:39 |
7 | ШҚО | 20:11:29 |
8 | Алматы облысы | 20:44:34 |
9 | Қостанай облысы-2 | 20:58:45 |
10 | Маңғыстау облысы-Суын | 20:59:53 |
11 | Астана қаласы | 21:06:13 |
12 | Алматы қаласы | Жарыстан шығып қалды |
13 | Қабардин-Балқар (РФ) | Жарыстан шығып қалды |
14 | Қырғызстан-2 | Жарыстан шығып қалды |
15 | Абай облысы | Жарыстан шығып қалды |
16 | Бірлік командасы | Жарыстан шығып қалды |
17 | Атырау облысы | Жарыстан шығып қалды |
18 | БҚО | Жарыстан шығып қалды |
Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Ақтөбе облысының командасы үздік атанды. Күннің жеңімпазы атанып арнайы кубокқа ие болды.
Жол қашықтығы 500 шақырым, бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25 қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
Argymaq.kz