«Астана жұлдызында» асау үйреткен жігіттер алаштың алғысына бөленді (фото)

7445

Өткен аптада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Елордадағы «Қазанат» атшабарында Ұлттық спорт түрлерінен өткен «Астана жұлдызы» руспубликалық турнирі барысында былтырдан бері елдің тамсана тамашалайтын бір ерекше ойын түрі өтті.

Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған тартысты бәсеке елімізде алғаш рет өтіп отыр. Ұлттық спорттың оннан астам түрінен өткен сайысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысқан болатын.

Асау үйрету. Көшпелілер қоғамында ерекше орын алатын қоғамдық жұмыс. Дегенмен, қазіргі таңда бұл тіршілік үшін, мал бағып, жылқы баптау үшін емес, қала тұрғындары үшін экзотикалық, бір сөзбен айтқанда шоу дәрежесіндегі көңіл көтеру спортының бір түріне айналған. Әлем жаратылғанда, табиғат заңын жетік меңгерген ұлы бабаларымыз жылқыны ең алғаш қолға үйреткен екен. Сол осыдан 30 ғасырдай уақыт бұрын тақымын терге шылап, аттың жалына жармасқан болмыс әлі күнге жалғасып келеді.

Өткен аптадағы 14 облыс, екі қала қатысқан «Асау үйрету» бәсекесі соның айғағы. Қала халқы үшін қызық көру, уақыт өткізу болғанымен жүген-құрық тимеген шу асауды басбілгізу үлкен еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс. Бір лақтырып шалма салып тоқтатып, жанын жеген асауға ноқта-жүгенсіз міну үшін үлкен батырлық,ептілік пен ерлік керек.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жылпос жігіттер жүген-құрық тимеген тағы боп кеткен қылқұйырықтарды қылқындыра бұғалықтап тұрып қарғып мініп жатты.

«Қазанат» атшабарына жиналған хылыққа көңіл-күй сыйлаған спорт түрін сіздер де тамашалап көріңіздер. Айтпақшы жігіттердің арасынан сурылып алға шыққан Көкшетаудың көк перісі — Өмірбек Төлегенов. Екінші орынға табан тіреген Жанасыл Диханбаев.Үшінші орын — Жанәділ Ғазизов.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.