«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2025»: бесінші күннің қорытындысы

24 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды. Таңертең 11 команда жорықты жалғап, Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласының маңына келіп тоқтады.
Бесінші кезең 450 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысы бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.
Бесінші кезең нәтижесі:
Команда атауы | Уақыт | |
1 | Қырғызстан-1 | 23:37:01 |
2 | Ақтөбе облысы | 24:16:56 |
3 | Қостанай облысы-1 | 24:30:24 |
4 | Ұлытау облысы | 25:05:53 |
5 | Маңғыстау облысы-Көкмойнақ | 25:10:09 |
6 | Қостанай облысы-2 | 27:09:25 |
7 | Алматы облысы | 27:40:05 |
8 | Маңғыстау облысы-Суын | 28:30:06 |
9 | ШҚО | Жарыстан шығып қалды |
10 | Астана қаласы | Жарыстан шығып қалды |
11 | Жетісу облысы | Жарыстан шығып қалды |
12 | Алматы қаласы | Жарыстан шығып қалды |
13 | Қабардин-Балқар (РФ) | Жарыстан шығып қалды |
14 | Қырғызстан-2 | Жарыстан шығып қалды |
15 | Абай облысы | Жарыстан шығып қалды |
16 | Бірлік командасы | Жарыстан шығып қалды |
17 | Атырау облысы | Жарыстан шығып қалды |
18 | БҚО | Жарыстан шығып қалды |
Осы күні яғни 100 шақырымда Қырғызстанның бірінші командасы топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Argymaq.kz