«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ-2025»: жеңімпаздар анықталды

25 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алтыншы кезеңі аяқталды.
Таңертең 7 команда жорықты жалғап, Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласына келіп тоқтады.
500 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысының бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.
Алтыншы кезең нәтижесі:
Команда атауы | Уақыт | |
1 | Қырғызстан-1 | 26:41:47 |
2 | Ақтөбе облысы | 27:21:00 |
3 | Қостанай облысы-1 | 27:32:14 |
4 | Ұлытау облысы | 28:08:04 |
5 | Қостанай облысы-2 | 30:45:48 |
6 | Маңғыстау облысы-Көкмойнақ | Жарыстан шығып қалды |
7 | Алматы облысы | Жарыстан шығып қалды |
8 | Маңғыстау облысы-Суын | Жарыстан шығып қалды |
9 | ШҚО | Жарыстан шығып қалды |
10 | Астана қаласы | Жарыстан шығып қалды |
11 | Жетісу облысы | Жарыстан шығып қалды |
12 | Алматы қаласы | Жарыстан шығып қалды |
13 | Қабардин-Балқар (РФ) | Жарыстан шығып қалды |
14 | Қырғызстан-2 | Жарыстан шығып қалды |
15 | Абай облысы | Жарыстан шығып қалды |
16 | Бірлік командасы | Жарыстан шығып қалды |
17 | Атырау облысы | Жарыстан шығып қалды |
18 | БҚО | Жарыстан шығып қалды |
Жол қашықтығы 500 шақырым, Қостанай облысының аумағын қамтыды. Бүгін Арқалық қаласында Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай сыйлықпен Ұлы дала жорығының арнайы кубогы табысталды.
Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасаған Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Argymaq.kz