Ел чемпионаты. Финалға кімдер шықты

Көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатының финалистері анықталды.
4-қазан күні басталған ел біріншілігі аясында 15 команда төрт топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтаған еді.
Әр топтан үздік атанған төрт команда финалдық жолдаманы сарапқа салды. Мәселен Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы кездесіп, 11:3 есебі тіркелді. Шымқаланың жігіттері өз алаңдарында ойын тізгінін қолдарына алып, айқын басымдық көрсетті.
Жартылай финалдың екінші ойыны Жамбыл облысы мен Астана қаласы арасында өрбіді. Бірінші кезеңнің 10-минутына дейін қос команда бір-біріне салым сала алмады.
«Әулие-ата» жігіттеріне ұтымды сәт туып, есеп ашты. Әрмен қарай есепсіз тағы, 3 салым салынды. Жалпы есеп – 4:0.
Алайда осы чемпионат аясында Астана жігіттері ерекше жігер көрсетті. Топтық кезеңде олар азулы деген Қостанай мен Түркістан облысынан басым болды.
Осылайша финалистер анықталды.
11 қазан сағат 9:00 бесінші орын үшін Қостанай облысы мен Алматы облысы ойнайды.
Сағат 11:00 Қызылорда облысы мен Астана қаласы қола жүлдені сарапқа салады.
Ал, 12:00 финал. Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы.
Ересектер арасындағы ел чемпионатын «Көкпар» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Argymaq.kz