Олжас Сүлейменов. Арғымақтар

5816

Бүгін даңқты ақын, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменовтің дүниеге келген күні. Ол 1936 ж. мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген. Қазақстанның Халық жазушысы бүгін 85 жасқа толды. Осыған орай ақынның жылқы тақырыбындажазылған бір-екі өлеңін ұсынып отырмыз.

Argymaq.kz

Арғымақ

Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай.
Құйғытсам бір,
Дала
Қала
Болады-ау
Көз алдымда аунап бара жатқандай.

От тигендей,
Асау қанға,
Етіңе,
Арғымағым,
Шығып желдің өтіне,
Шабуылдап,
Құрыш болат тұяқпен,
Пергілеші
Жалтақ жолдың бетіне!

***

О, сәйгүлік!
О, арманым,
Уайымым!
Ата қаздың мойынындай мойының!
Тәрізді бір жанартаудың туысы,
Оттан бетер,
Өрттен бетер тынысы.

Қас жауымды
Һәм жылқысын бір табын,
Сол сәйгүлік үшін-ақ мен
Құртамын!
О, дүлдүл-ай!
Қарадым да дір еттім,
Бөксең сенің —
Бейнесіндей жүректің!

Үрей толы,
Нәпсі толы кеудесі
Іші күйіп өлсін қыздар
Мен десіп!
Бұл өмірге тоюдай-ақ тойғанмын!
Қабырғасын күйретіп бір, ой, ханның.

Тепкілесем,
Керегі де оған сол!
Сүйегіне дәрет алып,
Содан соң
Керегі жоқ мені жоқтап,
Мені іздеп,
Қылыш сермеп жетер ем көк теңізге…

Әкел бермен сәйгүлікті!
Бермесең,
Өкінерсің,
Өкірерсің көрде сен!

Олжас Сүлейменов,

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.