Qazaqstan kokpar cup: 4 команда жартылай финалға шықты

727

Шымкент қаласында алғаш рет көкпардан клубтық командалар арасындағы республикалық турнир өтіп жатыр.

17 қараша күні басталған дүбірлі додаға елімізден іріктелген жеті команда қатысты. Екі топқа бөлініп олар топтық ойынның көркін қыздырды.

А тобында Қазығұрт пен Шымкент командалары жоғары ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды.

В тобында Аманат-Шу командасы мен Меркі-Қант командасы өз тобында үздік атанды.

Бүгін аталған командалар финалдық жолдаманы сарапқа салады. Нақтырақ айтсақ, Қазығұрт пен Меркі-Қант командасы кездеседі. Сонымен қатар Аманат-Шу мен Шымкент жолығады.

Жеңіске жеткен командалар финалда кездеседі, ал ұтылғандары қола жүлдеге таласады.

Республикалық турнир Шымкент қаласы, Орталық ипподромда өтіп жатыр.

Кіру тегін

QAZAQSTAN KOKPAR CUP клубтық командалар арасындағы республикалық турнирдің жалпы жүлде қоры: 28,5 млн теңге.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.