Биқұмар Камалашұлы аттың сыны жайлы

13367

Жүйрік аттар жаратылыс бітіміне байланысты әртүрлі шабады. Мысалы, кейбір аттар бәйге шығар, шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол бойында алдына ат салмай көмбеге бір-ақ жетеді. Мұндай жүйріктерді қазақтар “шыға салма жүйріктер” деп атайды.
Енді бір жүйрік аттар “ал” дегенде баяу шауып, артта қалып немесе артын ала көп жүйріктің соңынан ере келе, біртіндеп тынысы ашылып, терлей келе алдындағы аттарды бір-бірден тастап, озып отырып алдымен келеді. Осылай, артта қалып, кейін барлық жүйрікті басып озып келетін жүйріктерді «қыза шабатын жүйріктер» деп атайды.
Келесі бір жүйріктер әу баста, бәйге шығардан озып кетіп, жол ортаға келгенде, яғни, жол ортасына таяп келе, қарлығып, шаба алмай, басқа аттың барлығы дерлік қуып жетіп, аталмыш бәйге аты артта қалады. Мұндай жүйріктерді ел “ұшқыр, яғни, ұшқыр жүйрік” деп атайды.
Шыға салма жүйріктер – алды-арты тең, төртбақ, талдырмаш бойлы болады.
Қыза шабатындар – ұзын денелі, орақ бас, салпы ерін, кең танау келеді.
Ұшқыр жүйріктер – тар танау, үшкір, шақша бас, денесі кішірек келеді.
Бірқалыпты шабатын жүйріктер – дөкір, жуан аяқ, биік, иықты, тынысты, келеді.
Кейде бұл сындар сәйкеспей де жатады. Алайда, көп ауытқи бермейді. Сондықтан да, қазақ: «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейді.
Bikumar K.Ат сыншылары жүйріктің шабысына көп қарайды. Көбінде ат шабысын аңның шабысына, аяқ тастасына балап айтады. Онда жолбарыс, қабылан шабысты, қасқыр, түлкі іспетті шабысты, күдір қояндай ырғи шабатындар, батпаңдап аю тәрізді шабатын дүбір аяқ жүйрік дегендер болады.
Ал, арқар шабысты немесе қасқыр шабысты жылқылар жүйрік болады.
Арқар шабыстың белгісі – мойынын, басын көтере шабады.
Қасқыр шабыстың сипаты – басын жерге салып, күжірейе шабады. Бұл өрге қарай шабатын, өрге лайық шабыс. Қоян, түлкі шабыстар да болады. Қоян ұшқыр шабысқа, түлкі шабыс ұзаққа шабады.
Жүйріктің шашасы мол болғаны жақсы деседі, ат сыншылары. Содан да, қазақта, «шашасына шаң тимес» деген тіркес бар.
Жүйрік аттың шоқтығы сәл шығыңқысын қазақ атбегілері, ат сыншылары жақсы сынға жориды. Жүйріктің шоқтығының сыны ұзын шоқтық, келте шоқтық, қысқа шоқтық, деп ажыратады.
Қазақ жүйрік атты ізіне қарап сынап келген. Егер ат жүргенде алдыңғы аяқ ізінен, артқы аяқ ізі озып, асып түссе, бұл жүйрікті ұшқыр, әу баста озады, одан кейін қалады деп көреді. Ал, алдыңғы аяқ ізінің тұсына немесе сырт жағына артқы аяқ ізі түссе, ол атты өрен жүйрік болады деп көреді.
Ақылды жүйріктер – кең мінезді, сабырлы, қыз сияқты кербез, назды келеді.
Жүйрік сыны дегеніміз салыстырмалы ұғым болғандықтан оны аң-құс, жан-жануарға салыстырып (құс төс, түлкі құйрық, қоян жон, т.б) айта беруге болады.

Beken K.Бекен Қайратұлы, «Қазақтың атбегілік өнері» кітабынан

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.