Шабандоздың бір күні (фото)

7893

Атбегілік өнер қазақтың бабадан келе жатқан ата кәсібі. Сәйкесінше, сәйгүліктің тізгінін ұстайтын шабандоздық та қазаққа тән қасиет. Сондықтан, шабандоздың шеберлігі, сәйгүліктің шыдамдылығы — кез келген бәйгенің басты өлшемі болып табылады. Бүгін күні кеше Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Алтын тұлпар» және «Астана жұлдызында» бас бәйгені қанжығаларына байлаған Алматы облысының шабандоздары Асхат және Диаспен кездескен едік.
asxat-alimzhan51 шақырымды бағындырған «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің бас жүлдегері «Жаннұр» есімді сүйгіліктің тізгіншісі Асхат Әлімжан 13 жаста. Алматы облысы Есік қаласының тұрғыны. Өзінің айтуынша, ең алғаш рет 5 жасар кезінде әкесімен жайлауға шыққанда атқа мініп, содан кейін одан түспеген екен. Атқа деген құрмарлығы оны бәйгеге алып келген. Содан 9 жасынан бастап қазіргі күнге дейін шабандоздық өнерін шындап келеді.

dias-zhenis«Астана жұлдызы» республикалық турнирінің бас бәйгесін өзінің «Қыран» есімді сәйгүлігімен қанжылаған шабандоз Диас Жеңіс. Диас 2003 жылы Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының Ақыртөбе кентінде дүниеге келген. Оның кішкентайынан атқа құмарлығын байқаған ағалары шабандоздыққа баулыған.

dias-asxatАсхат пен Диас Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы ата кәсіпті нәсіп етіп отырған Омаровтар әулетінің ақсақалы Ыбырайахын атаға шабандоз болып келгенде табысқан. Бұл күнде құлын-тайдай тебіскен екі жеткіншек өнерлерін шындап, атбегілікке үйренуде. Ыбырайахын ата «Бәйгеге қатысқан баланың рухы қашанда биік болады және ол еңбеқор болуға машықтанады» демекші, облысымызда қайсар жүректі екі шабандоз өсіп келеді.

Шабандоздардың бір күні қалай өтетіндігі туралы фоторепортажымызды назарларыңызға ұсынамыз:

— Біз күнделікті таңғы сағат 6-да оянамыз. Сөйтіп, түске дейін сабағымызға барып келеміз.
asxat1asxat2— Сабақтан келгеннен соң сүйгүліктерімізді баптауға кірісеміз.
asxat3— Оларға суларын береміз.
asxat4

asxat5jpg— Тарап, тазалаймыз.
asxat6

asxat7— Аттың тұрағын тазалыққа келтіреміз.

asxat8

asxat9— Сәйгүліктерімізбен сөйлесіп, көңілін аулаймыз. Өйткені, жылқы өте сезімтал келеді. Ренжігеніңді немесе мақтағаныңды бірден сезеді. Сондықтан да, бір-бірімізді түсініп қана қоймай, бірден сезу үшін, жеңіске бірге жету үшін сәйгүлік пен шабандоздың арасында сенім пайда болуы керек.

asxat10
asxat11— Одан кейін аттарымызды жүргізіп қайтамыз.

asxat12-Арнайы жаттықтыруларын жасаймыз. Қазіргі уақытта біздің Әділет Ноқатай есімді ағамыз жаттықтырып, бәйгеге дайындап жүр. Сол кісінің дайындығының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз.
Ыбырайахын ата күнделікті өзі келіп хал-жағдайымызды сұрастырып, ақыл-кеңесін айтып кетеді. Үлкен кісінің жылы сөзін есту бізді одан әрі қанаттандыра түседі.

asxat13— Бұл бізді «Алтына тұлпар» аламан бәйгесінен жеңіске жеткізген Жаннұр. Жаннұр, өзіміздің қазақы тұқымнан шыққан бедеу. 5 жаста. Былтыр екеуіміз «Алтын тұлпарға» қатысып үшінші орын алған едік. Биыл тынымсыз еңбектің арқасында бас бәйгені алдық. Мұндай деңгейдегі бәйгеде бұрын-соңды жеңіске жетпеген едім. 51 шақырымға жүгіріп келгеніммен, шаршаудың барлығы кубокты жоғары көтергенде ұмытылып кетті.
Әрине, бәйге басталғанда алғашында қобалжу болды. Өйткені, Жаннұрдың күшіне сенімді болдым. Алайда бәйге басталысымен өзге аттарды озып кетуге талпынбау керектігін жақсы түсінетіндіктен, оны тежеп отырдым. Содан соңғы 2 айналым қалғанша сәйгүлігімнің күшін сақтап, соңғы айналымда Жаннұрды жібердім. Таласып-таласып алдыға суырылып шықтым, екінші атты 150 – 200 метрге артқа тастадым.

asxat14— Ал бұл биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Астана жұлдызы» республикалық турнирінің жұлдызы — Қыран. Асыл тұқымды Қыран біздің елімізге 2 жасар кезінде Польшадан әкелінген екен. «Астана жұлдызы» турнирі ең естен кетпес бәйгелердің бірі ретінде есімде қалады. Сағат 11-лерде бәйге басталды, еліміздің әр жерінен келген бұрың соңды көрмеген 30-дай ат болды. Барлығын байыппен қадағалап, сәйгүлігімді тежеп отырдым. Содан бас бәйгені алу үшін соңғы айналымда алдыма 4 ат салдым. Мәреге жақындағанда 3 ат қатарласып келе жаттық. Бірақ Қыран өзінің мықтылығымен барлығын басып озды.

asxat15— Жаттығуларымыз аяқталғаннан кейін тұлпарлардың жем-шөбін, суын ретке келтіріп, дәрумендерін береміз. Сонымен жұмыс күніміз аяқталады. Әрі қаратай сабағымызды оқып, демаламыз.

adilet— Арманымыз Әділет ағамыз сынды тұлпарды тұрысынан танитын атбегі болу.

ainur-maratАйнұр МАРАТ
argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.