Шөгеннен ел біріншілігі аяқталды (ФОТО)

3495

Тамыздың 11-і мен 13-і  аралығында  Алматы облысының Талғар ауданындағы ат спорты кешенінде өткен шөгеннен ІІ  Қазақстан  чемпионаты өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған ел біріншілігінде алты команда бақ сынады. Олар: Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерациясының командасы, Ақмола облысы шөген федерациясының командасы, Аққия шөген клубы, Әулиеата шөген клубы, «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары.

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған жарыстың үшінші орыны үшін таласта Әулиет шөген клубы мен Ақмола облысы шөген федерациясының командалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен кездесуде 2-1 есебімен былтырғы чемпиондар — Әулиеата шөген клубы жеңіске жетті.

Ал шешу сында «Astana polo club» пен «Almaty polo club» командалары чемпиондық атаққа таласты. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қос командада жиналғандардың делебесін қоздырды. Қорытынды есеп 6-4. «Astana polo club» командасының пайдасына шешілді.

Сондай-ақ чемпионаттың «Үздік ойыншы» номинациясы «Almaty polo club»  командасының капитаны Қуаныш Мұсабековке бұйырды. Ал, «Үздік поло сәйгүлігі» болып «Маусым» атты сәйгүлік танылды. Тиісінше Аққия шөген клубы 5 орынға ие болса, Оңтүстік Қазақстан облысы шөген федерацисының командасы 6 орыннан көрінді.

Жүлде қоры:2 миллион теңге

І орын – 1 миллион

ІІ орын – 600 мың

ІІІ орын – 400 мың

Бас серіктес: «Samruk-Kazyna» Ұлттық әл-ауқат қоры Әлеуметтік серіктес: «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.