Алматыда аламан бәйге өтеді

7051

Осы сенбі күні (7-қазан) Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Алматы қалалық «Ат бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін «Алматы» ипподромында Республикалық Аламан бәйге өтеді.

Бұл күні классикалық ат жарыстары мен ұлттық ат спорты түрлерінен сайыстар өтеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл жарыста құнан, ұшқыр бәйге және Аламан бәйге бойынша жүйріктер сынға түседі.

Құнан бәйге – 12 шақырым, 5 атқа жүлде тігіліп отыр, бас жүлдесі – 2 миллион теңге.

Ұшқыр бәйге – бірнеше түрлі қашықтықта және бірнеше арнайы жүлде үшін:

«Күз жеңімпазы» — 1600 метр (таза қанды ағылшын тұқымды 2 жасар байталдар)

«Күз жеңімпазы» — 1600 метр (таза қанды ағылшын тұқымды 2 жасар құнандар)

«Қазақстандық Сент-Леджер» — 3000 метр (таза қанды ағылшын тұқымды 3 жастағы дөненшығарлар)

«Алматы қаласы әкімінің кубогі» («Халықтар достығы жеңімпазы») – 4000 метр (дөненнен жоғарғы ағылшын тұқымды таза қанды жүйріктердің барлығы)

«Бәйге маусымының жеңімпазы» — 1800 метр (құнаннан жоғарғы ағылшын тұқымды таза қанды барлық жүйріктер)

Жорға жарысы – 7 шақырым.

Аламан бәйге – 22 шақырым, 5 атқа жүлде беріледі, бас жүлдесі – 7 миллион теңге.

Бұл ипподромның биылғы жылғы бәйге маусымын жабу аламаны болады.

Кіру тегін

argymaq.kz

1 comment

  1. Әкім кубогі Байрамуковтың жүйрігіне бұйырды (ФОТО) — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 9 Тамыз, 2021 at 01:32 Ответить

    […] Бұл жарыс Алматы қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Алматы қалалық «Ат бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін «Алматы» ипподромында өтті. […]

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.