Қымызы EXPO-2015 көрмесіне қойылған «Сағып» шаруа қожалығы жабылып қалуы мүмкін

4057

Қазақтың ұлттық сусынын Қытай асырып, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Ресей астанасы Мәскеуге танытқан Төлеу Құшманованың өмір бойы дөңгелеткен кәсібі құрдымға кетудің алдында тұр. «Сағып» шаруа қожалығы «Даму» АҚ облыстық филиалының бұрынғы директоры Ерқанат Әбеновтың иелігіне өтуі мүмкін.

«Сағып» шаруа қожалығы өндіретін қымыз ішкі нарықтың ғана емес, сыртқы нарықтың да сұранысын өтеп жүрген. Өкіншітісі сол, бұл күндер артта қалды. Шаруашылық басшысы Төлеу Құшманова ұлттық сусынды дайындаудың ежелгі әдістерін меңгеріп, үш биені 400 басқа дейін жеткізді. Бұл игілікке жетуге мемлекеттік қолдаусыз жету мүмкін емес екені анық.

«Мал басы 25 биеге жеткенде, зауыт салу туралы ой келді. Арманыма қол жеткізу үшін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 55 млн теңгенің несиесін алдым. Күндердің күнінде қымыз сатып жүргенде жергілікті «Даму» қорының директоры Ерқанат Әбенов хабарласып, кездескісі келгенін жеткізді. Жүзбе жүз көріскен соң қолдау көрсеткісі келетінін айтты. Осының арқасында қымыз өндіру бойынша Германияда тәжірибе жинақтауға ұсыныс білдірді. Өзім бара алмағандықтан, ұлымды оқуға жібердім. Осылайша, шағын кәсіпорным бой көтеріп, тұрмысым түзелді», — дейді кәсіпкер.

Еңбекқор жан кейін ұлттық сусынды шыны шөлмекке құйып, экспортқа шығаруды мақсат етті. 2014 жылы мал басы 400-ге жетті, оның 180-і – сауын биесі. Осы жылы кәсіпорында қымызды шөлмекке құюдың автоматтандырылған желісі іске қосылды. Бұған «Даму» қорынан алған 66 млн теңге несиесінің шарапаты тиді. Осы сәтте зауыттың өндірістік қуаттылығы сағатына 1500 литрге жетті.

«Уақыт өте келе Ерқанат Әбенов келіп, маған 12 биесін жалдауға ұсыныс жасады. Мен әріптестеріммен ақылдасып, шешім қабылдадым. Біз есептеу жүргізіп, бір айда әрқайысымыз 500 мың теңгеден пайда түсетінін анықтадық. Осылайша, келісімшартқа қол қойып, бірлесіп жұмыс істей бастадық. 2012 жылдан бастап 500 мың теңгеден беріп тұрдым. Жылына 12 биеден 12 құлын алып отырдық. Төлді ол өзі алып кетіп отырды», — дейді Төлеу Құшманова.

Осылайша, бизнесмен өмір бойғы еңбегінің нәтижесін көрді. Өсіп, өркендеді. Павлодарда өндірілген қымыз Ресей, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталды. Италияның Милан қаласында «Ғаламшарды тамақтандыру» ұранымен өткен ЕХРО халықаралық көрмесіне де қатысты. Төлеу Көкешқызы еліміздің бетке ұстар әйелдері қатарында Мемлекет басшысының қабылдауында болып, ел алғысын алды.

«Жолдасымның басында қатерлі ісігі бар екенін білген соң, жоспарларымды өзгертуге тура келді. Қазір жағдайы нашарлап жатыр. Новосібірге барып, ем қабылдадық. Дәрігерлер ота жасауға рұқсат бермеді, емдеуден басқа шара жоқ. Бұған дейін кәсіпорынның өндірісін жетілдіру үшін 52 млн теңге алған болатынмын. Осы кезде айына 4,5 млн несие төлеп отырдым. Туыстарыммен ақылдасып, жолдасымды Оңтүстік Кореяға апарғымыз келді. Амал қанша, ақылдаса келе, шаруашылықтың жартысын сатуға бел будық. Осы кезде жаңа серіктестің табыла қалғаны. Кәсіпорынның тең жартысын 150 млн сатып алғысы келді, Ерқанатты шақырып, ойыммен бөлістім. Биелерін алып, қоштасамыз деп айттым. Кейін жылқыларын алып кетті. Жаңа серіктеспен бірлесіп, еңбек ете бастадық», — дейді кәсіпкер.

Жағдай жақсара бастағандай болды. Күндердің күнінде соттан хабар келді. Ерқанат Әбенов Төлеу Көкешқызын биелерді жалдау қаражаты берілмегені және мал басының жоғалғандығы үшін айып таққан. Жинақталған қарыз 27,5 млн теңгеге жеткен.

Павлодар қалалық облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот коллегиясының шешімімен кәсіпкердің есепшоттарына тыйым салынып, айыппұл төлеуі тиіс. Қазіргі таңда Төлеу Көкешқызы тапқан-таняғанның барлығын айыппұлды өтеуге жұмсауда.

«Екі қолым байланып қалды. Менің жылжымайтын мүлкіме, есепшоттарыма тыйым салынды. Жылап-еңіреп, Ерғанатқа барсам, «Мен сізден бие алған жоқпын, сотқа бердім» деді. 2016 жылдан бастап төлеп жатырмын. Бар тапқан таянғанымды алып отыр. Қытай, Араб Әмірліктерімен келіссөздер бұзылды. Қазір жалғыз қалдым. Қазір 12 бас бие ғана қалды. Айналымға қаражат жоқ», — дейді ол.

Енді қымыз өндірушісінің әріптес болатын инвестор тауып, қарыздарынан құтылудан басқа амалы жоқ.

Baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.