Түркістан облысының «Құлагер» командасы Қазақстан чемпионы атанды (ФОТО)

4854

Бүгін сегіз күн бойы Елордадағы «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлеген Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Чемпионаттың жабылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

     Биылғы жылы Көкпар мен Аударыспақтан ХVІІІ рет, Теңге ілуден ХІІ рет, Жамбы атудан  ІV рет ұйымдастырылған елішілік бәсеке өткен жылғы чемпионатпен салыстырғанда өте тартысты өтті. Әсіресе, көкпар додасында Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған Жамбыл облысының командасын маңғыстаулықтар атынан аударып кете жаздады. «Әулие-ата» командасы мен «Адай-ата» командасының 4 шілде күнгі кездесуі 7:6 есебімен аяқталды.

29 маусымда басталып, екі күндік үзіліспен 6 шілдеге дейін жалғасқан көкпар додасының ақтық сайыстарына төрт команда суырылып шықты. Негізінде, еліміздің 13 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан үздік шыққан 15 көкпар командасы төрт топқа бөлініп ойнаған болатын. Бұл чемпионаттан Алматы облысының командалары ғана сырт қалды.

«А» тобы «Б» тобы «В» тобы «Д» тобы
1 Батыс Қазақстан облысы Ақмола облысы Маңғыстау облысы Атырау облысы
2 Оңтүстік Қазақстан облысы Ақтөбе облысы Астана қаласы Жамбыл облысы
3 Павлодар облысы Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы Қарағанды облысы
4 Алматы қаласы Қызылорда облысы Қостанай облысы

 Соңғы төртке қалған Маңғыстаудың «Адай атасы» мен Қызылорда және тараздық «Әулие ата» мен Шымкент құрамасы арасындағы тартыс «Қазанатқа» жиналған қауымның делебесі қоздырды. Әсіресе «Адай ата» мен Қызылорда құрамасы арасында өткен дода ерекше болды. Есеп: 15:4 маңғыстаулықтардың қанжығасы майланды.

Ал Ғани Ахметбаевтың жетекшілігімен еліміздегі ерекше шебер команда болып қалыптасқан бұрынғы ОҚО, қазіргі Түркістан облысының»Құлагері» мен тараздық «Әулие ата» арасындағы нағыз қазанат пен азаматтың күшін сынаған тартыс кіл мықтыдан кім мықтыны анықтайтын тартыс болды. Көкпаршылардың финалдық бәсекесі түркістандықтардың пайдасына шешілді. Есеп – 4:3. Сөйтіп, «Құлагер» командасы ХVІІІ ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.

Сонымен биылғы жылдың чемпионы су жаңа облысымыздың «Құлагер» командасы болды.

Екінші орында — «Әулие ата» командасы болса, үшінші орын маңғыстаулық «Адай атаның» қанжығасында кетті.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.