Ел чемпионаты. «Әулие ата» — Алматы құрамасы. Есеп — 8:0

2628

Ұлттық спорттан Тараз төрінде өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінен кейін алаңға Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Алматы қаласының құрамасы шықты.

Алаң иелері кеше СҚО құрамасын 15:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бүгін де ойынның алғашқы бөлігінде бұл ойынның қожасы өздері екенін таныттып бақты. Ал кешегі ойында Алматы құрамасы кеше Қостанайдан 7:5 болып ұтылған еді.

Бүгінгі тартыста алматылықтар айтарлықтай қарсылас бола алмады. 20 минутқа созылған алғашқы ойында-ақ 5:0 болып ұтылды.

Құлажан Тоғайбаев, Құрманбек Тұрғанбек, Ернар Жарылқасын т.б. қатарлы танымал сайыпқырандары бар «Әулие ата» командасы ешкімге дес бермейтінін танытып келеді. Бүгінгі ойында да есепті жеткізіп, алматылықтардан ат бойы алға шықты.

Екінші айналымда да алматылықтар бір салым да сала алмады. Ойын қорытындысы бойынша «Әулие ата» 8:0-мен жеңді.

Салым салғандар:

Алматы құрамасы – 0.

«Әулие ата»: Жұлдызхан Тайырбеков – 1 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Жантөре Әбдәлі – 1 салым, Бағылан Ширимбаев – 2 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 2 салым.

С тобындағы Қостанай облысы, Жамбыл облысы және СҚО құрамасының қатарында Қостанай мен Жамбыл облысынан ұтылған алматылықтар ертең СҚО-мен сайысқа түседі. Топтық кездесуде ойсырай ұтылған алматылықтардың бар үміті солтүстік саңылақтарында ғана қалып отыр.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.