Ел чемпионаты. Жамбы атуда бақ сынайтын мергендер
Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионатының төртінші күні Жамбы атудың мергендері алаңға шықты.
Еліміздің барлық өңірінен 22 спортшы өзара мергенді анықтайды. Ойынның «Қалқан ату» мен «Жамбы ату» түрінен үш-үш кезеңнен өткізетін бәсекеге Ақмола облысынан – 2, СҚО – 2, Қызылорда облысынан – 2, Нұр-Сұлтан қаласынан – 3, Алматы қаласынан – 2, Жамбыл облысынан – 2, Түркістан облысынан – 2 ойыншыдан және Павлодар, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау, БҚО және Атырау облыстарынан бір-бір ойыншыдан бақ сынайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының ересектер арасында Жамбы атудан V кезектічемпионатында бақ сынайтын мергендермен таныс болыңыздар.
Нұрсұлтан Жүсіпәлин (Ақмола облысы)
Азамат Нұртаев (Ақмола облысы)
Талғат Омарбаев (Қарағанды облысы)
Еламан Қинаят (Павлодар облысы)
Мақсат Исин (СҚО)
Әлия Бекен (СҚО)
Ғалымжан Өміртай (Қызылорда облысы)
Әли Ибрагим (Қызылорда облысы)
Ынтымақ Шыңғысбай (Нұр-Сұлтан қаласы)
Диас Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы)
Қасиет Шыңғысбаева (Нұр-Сұлтан қаласы)
Ералхан Айкөз (Түркістан облысы)
Айтбек Сарыбай (Түркістан облысы)
Ерлан Юсупов (ШҚО)
Самат Қалиев (Жамбыл облысы)
Абзал Тулыбеков (Жамбыл облысы)
Дәулетхан Жұмахан (Қостанай облысы)
Қазыбек би Қабиев (Маңғыстау облысы)
Әлия Камалова (Алматы қаласы)
Серік Әлібаев (Алматы қаласы)
Орынбасар Әжіғалиев (Атырау облысы)
Жанәділ Ғазезов (БҚО)
Өздеріңіз байқағандай, Жамбы ату спортында еліміздің арулары да қалыс қалмаған екен. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан және СҚО-дан келген қос Әлия мен бір Қасиеттің жамбы атуға қатысуы бұл спорттың ерекшелігін таныта түскендей.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Теңге ілуден Қазақстан чемпионы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.