«Тұлпар-2019» жылқы көрмесі өтеді

3602

«Республикалық зауыт жылқылары тұқымы палатасының» ұйымдастыруымен 6 қазанда Алматыдағы орталық ипподромда «Тұлпар-2019» жылқы көрмесі өтеді.

Көрмеде жылқы тұқымдарына бөлініп, бірнеше алаң жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ, «Ахалтеке тұқымы», «Араб тұқымы», «Ағылшын тұқымы» және «Пони және шағын жылқылар тұқымы» мен «Ауыр жүк тартатын тұқым» қатарлы алаңдар көрермендерге асыл тұқымды жылқыларды көрсететін болады. Сонымен қатар, көрме барысында алматылықтар мен жылқы сүйер қауымға экзотикалық жылқылар да таныстырылады.

 Мұнан бөлек Алматыдағы атқа міну клубтарының таныстырылымы мен хобби түріндегі жылқы сату бәссаудасы ұйымдастырылады.

Көрмеге келушілер Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін таза қанды мініс жылқылары мен ахалтекелер арасында өтетін ұшқыр бәйгенің куәсі бола алады.

Жеңімпаздарға арнайы жүлде беріліп, сыйлықтармен марапатталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!