Бие сүтінен косметика жасайтын студент (ФОТО)

4273

Павлодар облысының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернаты бітірген Даяна Мукина бүгінгі таңда Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алады.

Даянаның жобасының негізгі ерекшелігі — косметикаға сублимацияланған бие сүтін қосатындығы. Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер, бетке және денеге арналған гель шығарады. Барлық өнімнің негізі — тек табиғи және пайдалы заттар. Косметика терінің барлық түріне жарамды. Ересектер де, балалар да қолдана алады.

Бие сүтінің рh және адам терісінің рh өте ұқсас. Бұл теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Сауылмалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды, — дейді Даяна Мукина.

Жас кәсіпкердің айтуынша, пандемияға байланысты сублимацияланған бие сүтімен қамтамасыз ететін компания уақытша жұмыс істемейді. Сол себепті сатылым уақытша тоқтатылды. Бірақ ол косметикаға қосатын сублимацияланған бие сүті қайтадан шыққан кезде жұмысты қайта жандандыратынын айтады.

Бағалар өте қолжетімді. Мысалы, скраб 550 теңге, бетке арналған клинсер 500 теңге, ал гель 1200 теңге тұрады. Бастапқыдан мен косметиканы бюджеттік бағамен жасағым келді. Бұл идеям іске асты. Өйткені қымбат косметиканы сатып алуға көбінің жағдайы келе бермейді. Грантты жеңіп алғаннан кейін көптеген тапсырыстар түсе бастады. Бұл салада бәсекелестер бар. Алайда, сублимация қолданылатын косметиканың дәл осы түріне әлемде аналогы жоқ табиғи косметикалық өнім болып табылады, — дейді Даяна Мукина.

Айта кетейік, Даяна Мукина өз жобасын «Eco Startup» халықаралық экологиялық стартап-жобалар байқауында 2019 жылы ұсынды. Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Ол 750 мың теңге грант иегері атанды.

Даянаның әкіесі Сәтбек Мүкин елімізге белгілі кәсіпкер, қазақ қымызын әлемге танытып жүрген «Алтай» шаруа қожалығының жетекшісі.

Айгүл Жүсіпова, Pavlodarnews.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.